28
август
2020
"Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн"
Төле би атындағы орта мектебінде "Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн" Ұлттық ақпараттық науқаны барысында мектептің ата-аналарына чат арқылы балаларды бөгде адамдардың жаман іс-әрекеттерінен қорғау, құқықбұзушылықтың алдын алу және бала құқығын қорғау бойынша жадынама, бейнероликтер тарату арқылы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Құрметті ата-аналар!
Жаз мезгілінде ерте еңбекке араласып, жұмыс істейтін балалар мен жасөспірімдерді жұмысқа салу туралы жағдайларды естіп жүрсіздер.
Балалардың құқығын шектеу, бала еңбегін қанауға жол берудің салдары жақсылыққа апармайды.
Сондықтан жеткіншектердің күндізгі және түнгі уақытта не істеп жүргендігі де, еңбек етіп ақша табуы да ата-аналардың қатаң қадағалауында болуы тиіс. Мұндай шара өзін-өзі қорғай алатындай жағдайға жете қоймаған жасөспірімдерді әртүрлі заң бұзушылықтан, арам ниетті адамдардың құрбаны болудан сақтайтынын ешкім естен шығармаған жөн.