Мектебіміздің түлегі, бүгінгі таңдағы Жамбыл облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ускумбаева Дамеш Шайхықызы мен Шу ауданы білім бөлімінің басшысы Жинақбаева Мубарак Қасымқызымен 11- сынып оқушыларының кездесуі » Төле би атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Төле би атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Мектебіміздің түлегі, бүгінгі таңдағы Жамбыл облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ускумбаева Дамеш Шайхықызы мен Шу ауданы білім бөлімінің басшысы Жинақбаева Мубарак Қасымқызымен 11- сынып оқушыларының кездесуі
10
март
2021

Мектебіміздің түлегі, бүгінгі таңдағы Жамбыл облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ускумбаева Дамеш Шайхықызы мен Шу ауданы білім бөлімінің басшысы Жинақбаева Мубарак Қасымқызымен 11- сынып оқушыларының кездесуі

Бүгін Шу қаласы,Төле би атындағы орта мектебінде мектебіміздің түлегі, бүгінгі таңдағы Жамбыл облысының білім саласында сапаны  қамтамасыз  ету департаментінің басшысы Ускумбаева Дамеш Шайхықызы мен Шу ауданы білім бөлімінің басшысы Жинақбаева Мубарак Қасымқызымен 11 сынып оқушыларының кездесуі өтті. Кездесу барысында үлкен өмірге қадам басқалы тұрған түлектерімізге Дамеш Шайхықызы мемлекетіміздің жас ұрпақ тәрбиесіне, білім саласына ерекше назар аударып отырғаны, еліміздегі игіліктердің барлығы елдің  болашағы - жас ұрпақтың келешегі жарқын болуы үшін жасалып жатқаны туралы және  де болашақ мамандықты дұрыс таңдау ,  ҰБТ - гі өзгерістерге жан жақты түсіндірме бере отырып,  "Еліміздің  болашағы - сіздердің  қолдарыңызда. Сондықтан қай кезде де саналы тәрбие, терең  білім алу жолында  талмай ізденіп ел тізгінін ұстайтын азамат болыңыздар"- деп , ізгі тілегін білдірді.   Мубарак Қасымқызы да өскелең  ұрпаққа аға буын  өкілдерінің  өнегелі істерін үлгі етудің маңыздылығына тоқтала отырып , ата -ана , ұстаздар сенімін ақтап, мектептің мақтанышына айналып, халқымыздың қалаулы азаматы мен  азаматшалары болыңыздар -  деп, игі тілегін білдірді.  Кездесу соңында  естелікке суретке  түсіп, мектеп директоры КадырТурсын Кадырулы ұжым атынан алғыс айтып, өз лебізін білдірді. Түлектерімізге ой салатын   өнегелі өмір жолына бастайтын кездесу  әсерлі өтті.