ҚР Президенті Қ.Ж.Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына "Халық бірлігі және жүйелі реформалар - ел өркендеуінің берік негізі" атты Жолдауы » Төле би атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Төле би атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» ҚР Президенті Қ.Ж.Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына "Халық бірлігі және жүйелі реформалар - ел өркендеуінің берік негізі" атты Жолдауы
09
сентябрь
2021

ҚР Президенті Қ.Ж.Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына "Халық бірлігі және жүйелі реформалар - ел өркендеуінің берік негізі" атты Жолдауы

Шу ауданы білім бөлімінің Төле би атындағы орта мектебінде 2021 жылдың 09 қыркүйегінде ҚР Президенті Қ.Ж.Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына "Халық бірлігі және жүйелі реформалар - ел өркендеуінің берік негізі" атты Жолдауын мектеп ұжымына мектеп директоры Қадыр Тұрсын Қадырұлы жолдаудың маңызды міндеттерін оқи отырып, түсіндіріп, талқылау жұмыстарын жүргізді.
        2021 жылдың 1 қыркүйегінде «Білім күні» мерекесімен қатар еліміздің тарихында жаңа бір саяси ахуал орын алып отырғаны баршамызға мәлім.
        Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Ж. Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар  - ел өркендеуінің берік негізі» Қазақстан халқына Жолдауы әлеуметтік – экономикалық және саяси күн тәртібінің өзекті мәселелеріне нақты да тұшымды жауап ретінде бүгінгі таңда ел азаматтарын толғандыратын мәселелерді қамтыды. Биылғы Жолдау – өзінің мәні мен мазмұны жағынан мемлекеттік органдар, бизнес және азаматтық қоғам институттары үшін алдағы кезеңге арналған іс-қимылдардың тұтас стратегиясын айқындайтын айрықша құжат болып табылды.
       Жолдау мемлекеттің пандемиядан кейін елді экономикалық дамытудың ойластырылған бағдарламасы бар екенін  көрсетті, ол 2025 жылға дейінгі дамудың Жол картасында көрініс табатын болады.
Мемлекет басшысы таяудағы онжылдықтың күрделі болатынын ашық айтты, сонымен бірге, алдағы міндеттерді шешу жөніндегі мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың ұзақ мерзімді басымдықтарын белгіледі.
     Президенттің біздің еліміздің әрбір азаматына тікелей қатысы бар, әр қазақстандықтың  мүддесіне сөзсіз әсер ететін маңызды тапсырмалары дер кезінде айтылып отыр.
     Олардың қатарында, Жолдаудың экономикалық блогындағы – мемлекеттік қаржыны басқару және Ұлттық қорды дамыту тұжырымдамасы, «Қарапайым заттар экономикасы» және «Бизнестің жол картасы» бағдарламаларын ұзарту, цифрлі үкіметтің жаңа архитектурасы қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.
     Көші-қон саясатының, қоныс аударушыларды ынталандырудың жаңа тұжырымдамасын әзірлеу халықты этнодемографиялық  тұрғыда ұтымды орналастыруға ықпал етеді, оның ішінде  этностар жинақы қоныстанған жерлерде  бірқатар әлеуметтік-экономикалық және этносаралық мәселелерді шешуге көмектеседі және өзара іс-қимылдың көптеген этноәлеуметтік аспектілерін жояды.
        Мемлекеттің әлеуметтік саясаты еліміздегі саяси тұрғылықтың, бірліктің, ұлтаралық татулық пен келісімнің негізі және солай болып қала береді. Сондықтан, Жолдаудың әлеуметтік блогын біз осы тұрғыда қарастыруымыз керек екені сөзсіз.
Жолдаудың әлеуметтік міндеттерін жүзеге асыру халықтың нақты кірістерінің өсуіне, жүздеген мың азаматымызды мемлекеттің әлеуметтік кепілдіктер жүйесіне қосуға қуатты синергия береді.
     Жолдаудың  басты тақырыптарының  бірі көпэтносты еліміздегі бірлік, татулық пен келісімге арналды.
Бұл жерде Мемлекет басшысы барлық басымдықтар мен  екпіндерді өте айқын және анық қойып отыр. Жолдауда ұлтаралық қатынастардың үйлесімді дамуы қашанда мемлекет  саясатының негізгі бағыттарының бірі болғаны және бола беретіні атап көрсетілді. «Бұл – бекерге айтылған сөз емес. Мұндай ұстанымды қазақстандықтардың  басым көпшілігі қолдайды», деді Мемлекет басшысы тұжырымдады.
Президент азаматтардың конституциялық құқықтарының  кепілі ретінде заң бойынша Қазақстанда бір ғана мемлекеттік тіл бар екенін, бірақ, біздің  заңнамаға сәйкес орыс тілінің қолданылуына кедергі келтіруге болмайтынын нақты атап өтті. Бұл ұстаным тек қана Қазақстан заңнамасына ғана емес, сонымен қатар этносаралық қатынастардың үйлесімділігін қамтамасыз ететін, тәуелсіздік жылдарында сыннан өткен тіл саясатының  оң тәжірибесіне сәйкес келеді.
Мемлекет басшысы қазақ тілін дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып қала беретінін айтты. Бұл көзқарасты Қазақстанның барлық азаматтары қолдайтыны сөзсіз.
Қазақстан Президенті біздің азаматтарымыз үшін келісім, толеранттылық  - мәдениеттер мен тілдердің өзара кірігуіне байланысты өмірдің шындығы екенін тағы да еске салды. 
Екінші жағынан , Мемлекет басшысы радикализмнің  кез келген түріне қатаң тойтарыс берілетінін, Қазақстанның мемлекеттік егемендігі мен аумақтық тұтастығына ешкімнің қол сұғуына жол берілмейтінін баса айтты.
Әине, мұндай  ұстаным ел тұрғындарының көпшілігінің  мүдделеріне сай  келеді, олар үшін татулық пен келісім – қауіпсіз өмір сүру, тұрақтылық пен даму мүмкіндігінің алғышарты.
 Білім саласында біз ұстаздарды қолдау саясатын жалғастыра береміз. Биылғы қаңтар айынан бастап педагогика саласы қызметкерлерінің жалақысы 25 %  көбейді. Алдағы 3 жылда осы мақсатқа тағы 1,2трлн теңге жұмсалады.
      Пандемия кезінде  қашықтан оқытудың нәтижесі ұлттық телекоммуникация желілерінің  тиімділігі төмен екенін көрсетті. Мұндай ахуал негізгі, қарапайым білімнің өзін меңгере алмаған оқушылардың саны артуына әкеп соқты. Тағы бір проблема, нағыз қиындық осы деуге болады, балалар оқуын тастап кетіп жатыр. Өйткені білім алуды қажет деп санамайтын болды.
    Біздің білім беру жүйеміз қолжетімді әрі инклюзивті болуға тиіс.
    Білім беру жүйесіне жігерлі әрі білікті мамандар қажет.
Мұғалімдерді қазіргідей 5 жылда емес, 3 жылда бір рет қайта даярлықтан өткізуіміз керек деп санаймын. Өйткені олар шәкіртінің бойына жаңа білім сіңіре алатындай нағыз ағартушы болуға тиіс.
    Қазір орын тапшылығы 225 мың болса, шұғыл шара қабылдамасақ, 2025 жылға қарай орын тапшылығы 1 миллионға жетеді.
   Мен 2025 жылға дейін кемінде 800 мектеп салу туралы тапсырма берген болатынмын. Бүгін оның санын бір мыңға жеткізуді міндеттеймін.
Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. 
    Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.