ашық есік » Төле би атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Төле би атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
февраль
2019

ашық есік

Шу қаласы Төле би атындағы ортамектебіндегі
«Мектеппен отбасыбірлігі–болашақ ұрпақ тірлігі» атты
ата-аналар апталығындаұйымдастырылған ашық есік
күнінің мәліметі.
2018-2019 оқу жылы

Төле би атындағы орта мектепте 2019 жылдың 25-қаңтарында «Мектеп пен отбасы бірлігі болашақ ұрпақ тірлігі» атты ата—аналармен ашық есік күні өтті ашық есік күнінде мектептегі асхананың жағдайы туралы,ата-аналар толықтай танысып шықты.Ас мәзірінің сақталуы туралы, әлеуметтік педагог: Азимкулова М.Асхананың санитарлық жағдайы туралы мектеп мейіргері Өктембай Д.дайын астың сапасы туралы ата-ана Айхынбаева Н. түсіндіріп өтті.Мектеп директоры Қадыр Қ.Т.Күн тәртібіндегі өткен мәселелермен таныстырып өтті.
Бірінші мәселе бойынша әлеуметтік педагог Азимкулова М. Мәлмдеме жасап асхананың жағдайы мен таныстырып өтті.Ол өз сөзінде. Ас мәзірі аудандық білім бөлімінің бекітілген мерзіміне сәйкестеліп бекітілген.Асхананың жұмыс барысына күнделікті маниторинг жүргізу барысында ас мәзірі сақталып отырады.Тағамның бір балаға тиісті нормасының,тәуліктык сынамасы алынған,тоңазтқышта сақталған.Ас мәзірінің бекітілген кестесі асхананың көрнекті жеріне ілініп бекітілгенін айтты. Екінші мәселе:Мектеп мейіргері Өктембай Д.Ол өз сөзінде мектеп асханасының санитарлық жағдайына күнделікті бақылау жүргізіп отыратынын айтты.Қол жуатын орындарда тазалық жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп отырады,роковиналар таза,сабын бір реттік қолдануға арналған,сүлгілер қойылған.Ыдыстардың сапасы жақсы,сынған, жырылған,лас ыдыыстар анықталған жоқ.Оқушылардың ыдыстары арнайы сөреде жиналған,беті ақ марлемен жабдықталған.Асхана буфетінде талапқа сай тағам түрлері сатылымға қойылған.
Оқушылардың қолдарын жуып тамақтануы ескертіліп қадағаланып отыратынын айтты.Үшінші мәселе бойынша: Ата-аналар комитетінің төрайымы Айхынбаева Н. Өз сөзінде: Дайын астың сапасы жақсы. Тағам дәмді тиісті нормасы сақталған,тәуліктік сынама сақталған.Азық-түлік сақтауға арналған қойманың тазалығы жақсы,нормаға сәйкес сақталғаныны туралы айтты.Ашық есік күнінде,Ас мәзірінің сақталуы мен ыстық тамақпен қамту жұмыстары қанағаттанарлығ деп есептелді.Асхананың санитарлық жағдайы қанағаттанарлық деп есептелді.Дайын астың сапасы мен нормасының сақталуы туралы ақпарат есепке алынсын деп тұжырымдама жасалды.