🔰 ЕЛ БАСЫНА КҮН ТУҒАНДА, КҮШІМІЗ БІРЛІКТЕ БОЛҒАЙ! » Төле би атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Төле би атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 🔰 ЕЛ БАСЫНА КҮН ТУҒАНДА, КҮШІМІЗ БІРЛІКТЕ БОЛҒАЙ!
07
апрель
2024

🔰 ЕЛ БАСЫНА КҮН ТУҒАНДА, КҮШІМІЗ БІРЛІКТЕ БОЛҒАЙ!

🔰 ЕЛ БАСЫНА КҮН ТУҒАНДА, 
КҮШІМІЗ БІРЛІКТЕ БОЛҒАЙ!
Бүгін мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев еліміздің бірнеше өңірінде тілсіз жау, су тасқынынан зардап шеккен халыққа қолдау мақсатында, елді бірлікке шақырып, үндеу жасады.
Осындай қиын кезде барша Қазақстан халқы бір болатынына сенемін. Біз бірлесіп осы қиындықтардан өтеміз. 
Қазақ халқы қашанда болсын өзінің ынтымағымен, бірлігімен, татулығымен әлемге танылған.
Президент зардап шеккен халыққа барынша көмек көрсетілетіні жайлы нақты айтты. 
Ең бастысы сабыр сақтап, тек қана ресми дереккөздерге сеніп, бір-бірімізге қолдау білдірейік! Бұл қиындықтарды да бір халық болып жеңетінімізге сенімдімін!
Осы тұрғыда біздің Төле би орта мектебінің ұжымы халықпен бірге екенін алға тартып, күшіміз бірлікте екенін көрсетуде.
 Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!