Шу қаласы Төле би атындағы орта мектепте 2021-2022 оқу жылының қыркүйек айынан бастап мектеп асханасы өз жұмысын бастады
Мектеп асханасы
Шу қаласы Төле би атындағы орта мектепте 2021-2022 оқу жылының қыркүйек айынан бастап мектеп асханасы өз жұмысын бастады. Мектепте аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан 168 оқушыны тегін ыстық тамақпен қамтылды.Оқушылардың тамақтану кезіндегі ара қашықтығы сақталынған, 6 кезеңмен тамақтанады.
Ыстық тамақтың сапасын бақылау мақсатында құрылған бракераждық комиссия және мониторинг комиссиясының құрамы бекітіліп, жұмыс істеуде. Мектеп асханасында кезекшілік жасалған. Оқушылардың тамақтану кестесі құрылған. Ас мәзірі аудандық білім бөлімінің келісімімен бірге жасалған. Дайын астын күндік сынымысы алынып отырыды.
Асхана қызметкерлерінің арнайы мамандық туралы құжаттары бар.
1 аспазшы және 2 аспазшының көмекшісі қызмет жасайды.
2021-2022 оқу жылына тамақтандыруды ұйымдастыру
Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысы бойынша, оқушылар арналған санитариялықдезинфекциялық құралдар және қол жуу қағидалары бар плакаттар іліңді. Асханаға кіріп шығу белгілері орнатылған. Сонымен қатар асхананы кварцтау, дымқылдау тазалау, желдету кестесі құрылды. Асханада бейне бақылау камералары орнатылған.





