01
апрель
2021
Мектеп асханасы жұмысын бастады
Шу қаласы, Төле би атындағы орта мектепте IV тоқсанның бірінші күнінен бастап мектеп асханасы жұмысын бастады. Аз қамтылған отбасынан шыққан оқушыларға тегін ыстық тамақ берілді. Асханада барлық санитарлық талаптар сақталған. Орындықтарда ара қашықтық сақталып орналастырылған, асханаға кіру-шығу белгілері қойылған. Оқушылардың тамақтану уақыты мен кезекшілік құрылып, асхананың дымқылдау, кварцтау, желдету жұмыстары жүйелі жүргізіліп отыр. 


