Ашық есік күні » Төле би атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Төле би атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
февраль
2019

Ашық есік күні

Шу қаласы, Төле би атындағы орта мектебінде ата-аналарға ұйымдастырылған ашық есік күннің мәліметі 2018-2019 оқу жылы
Мектебімізде 2019 жылдың 25 қаңтарында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, әлеуметтік педагог, ата-ана комитетінің төрайымы, мейіргер бірлесе отырып мектеп асханасында оқушыларды ыстық тамақпен қамту жұмысы бойынша «Ашық есік күні» ұйымдастылырылды.
Іс-шараның мақсаты: аз қамтылған, көп балалы, жетім, ата-ана қамқорынсыз қалған және 1 сынып оқушыларының бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамтылуы, дайындалған астың ас мәзірімен сәйкестігі, оның сапасы, асхананың санитарлық жағдайын анықтау.
Мектеп бойынша 50 аз қамтылған оқушы және 1 сыныптан 157 оқушы бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылуда.
Тегін ыстық тамақпен қамту жұмысына жауапты ДТІЖО З.Джумагазиева, әлеуметтік педагог М. Азимкулова, мейіргер Д.Өктембай, ата-ана комитетінің төрайымы Н.Айхынбаева ата-аналармен ата мектеп асхана ішін аралап, онда жалпы асхана жұмысы, балалардың тамақтануы мен олардың санитарлық-гигиеналық ережені сақтауы, дайындалған ас мәзірінің сапасы, мөлшерінің нормаға сәйкестігі, қол жуатын орнымен таныстырды.
Балаларға сол үнгі ас, ас мәзіріне сәйкес тағамдар дайындалып берілді.Тәуліктік сынама алынған, тоңазытқышта сақталған. Оқушылардың қол жуатын жерінде сабын қойылған. Асхана буфетінде тыйым салынған тағамдар сатылымға қойылмаған. Асханадағы балаларға ыстық тамақтануды ұйымдастыру жұмысы жақсы дейгейде. Мектеп әкімшілігі өз уақытында кезекшіліктерін атқарады. Ыстық тамақты сапалы, дұрыс ұйымдастыру жұмысы өз жұмысын әрі қарай жалғастырады.




Мектеп директоры: Т.Қ.Қадыр

Похожие публикации:

08 февраль 2019 Ашық есік күні
03 февраль 2019 ашық есік
26 ноябрь 2018 Ыстық тамақ