"Қиын бала болмайды" жобасы аясы » Төле би атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Төле би атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» "Қиын бала болмайды" жобасы аясы
28
сентябрь
2022

"Қиын бала болмайды" жобасы аясы

Шу аудандық білім бөлімінің "Қиын бала болмайды" жобасы аясында
Төле би  атындағы орта мектебінде Шу АПБ-нің ЖІІҚ-нің ювеналдық полиция бөлімшесінің инспекторы А.Приматов бастауыш сынып оқушыларына  " Жолда жүру  ережесін сақтайық "тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Мақсаты:Оқушыларға жолда жүру қауіпсіздігі туралы түсінік беру;
 Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережелерін, қауіпсіздігін білуге, есте сақтауға тәрбиелеу. жолдағы өмір қауіпсіздік ережелерін орындай білуге үйрету.
      Жолда жүру қауіпсіздігін қамтамасыз етудің басты шарты – көліктер мен жүргіншілердің жүріс-тұрысын дұрыс ұйымдастыру және реттеу.
Көшедегі көліктер жүрісіне сырттай бақылау болмаса, жол бойынде ереже талаптары бұзылып, кейде олардың жол апатына ұшырып жататын жағдайлары да кездеседі.
Жолда жүру ережелерін бұзған жол қозғалысына қатысушыларға әкімшілік-құқықбұзушылық кодексіне сай ескерту, айыппұл,салу сияқты шаралар қолданылады.
Жолда жүру ережелерін бұзған мектеп оқушылар болса, онда олардың
тәртібін мектеп жиынында жариялап, тәртіпке шақыруға болады. Ал жолда жүру ережелерін өрескел бұзып, соның салдарынан шығын келсе, ата-аналарын шақырып, шығынды төлейтіндей айыппұл салу шарасы қолданылады. Ол үшін заң орындарыныңөкілдері қатысып, оқиға орын алған жерде кінәлі екендігін делелдеуі тиіс.
Жаяу жүргінші жаяужол (тротуар) немесе жаяу жүргіншіге арналған жолмен жүруі тиіс. Егер олар болмаса, жол жағалауымен немесе велосипед жолымен (велосипедшілер қозғалысына кедергі келтірсе) жүру керек. 



Похожие публикации:

12 сентябрь 2020 Жолда жүру ережесі