31
октябрь
2022
"Әрбір бала дана бала"
"Әрбір бала - дана бала" атты тақырыбында балалардың күзгі каникулын тиімді ұйымдастыру мақсатында тарих пәні мұғалімі, 8 сынып жетекшісі Аймамбетова Ақмарал Еркеновна сыныбымен Алматы қаласына саяхатқа барып келді.
Қаладағы орталық Мемлекеттік музейге, археологиялық музейіне экскурсия жасады.Білім беру және ағарту бағытындағы шараларының ішінде бүгінде кең қолданылатыны МУЗЕЙ САБАҚТАРЫ. Сабақ оқушылардың жекелеген тақырып бойынша алған білімдерін бекітіп, тереңдетуге септігін тигізеді. Бұл жерде музей заты көрнекі құрал ретінде емес, зерттеу көзі ретінде пайдаланылады. Музейлік сабақ оқушылардың оқу курсындағы тақырыбы бойынша білімдерін тікелей музей экспозициясы негізінде тереңдету мақсатында жүргізіледі. Оның бар ерекшелігі мектептің бағдарламасының міндетін музейдің білім беру аясында жүзеге асыруында. Осындай экскурсиялар оқушылардың тарихын білуге, зерттеуге деген қызығушылықтарын арттыруға зор ықпал тигізері рас.
"Әрбір бала - дана бала" тақырыбында өтіп жатқан күзгі каникул кезінде "Экология және денсаулық" үйірме жетекшісі Ә.Досмамбетова "Табиғатты аялап сақтайық" атты макулатура жинау акциясын өткізді. Мақсаты: қоршаған ортаны қорғау бойынша практикалық қызметке оқушылар ұжымының жұмысын белсендіру, оқушылардың экологиялық мәдениетін және табиғи ресурстарға ұқыпты қарым-қатынасын қалыптастыру, қағазды қайталап пайдалану мүмкіндігі туралы түсініктерді кеңейту.
В целях эффективной организации осенних каникул детей на тему" каждый ребенок - дана бала " учитель истории, 8 классный руководитель Аймамбетова Акмарал Ереновна отправилась с классом в г. Алматы.
Совершил экскурсию по Центральному Государственному музею, археологическому музею города.Среди образовательных и просветительских мероприятий сегодня широко используются музейные уроки. Занятие способствует закреплению и углублению знаний учащихся по отдельным темам. Здесь музейный предмет используется не как наглядное пособие, а как источник исследования. Музейное занятие проводится с целью углубления знаний учащихся по теме учебного курса непосредственно на основе музейной экспозиции. Его особенность заключается в том, что задача школьной программы реализуется музеем в рамках образования. Подобные экскурсии способствуют повышению интереса учащихся к изучению, изучению истории.
Во время осенних каникул на тему" каждый ребенок - мудрый ребенок "руководитель кружка" Экология и здоровье "А. Досмамбетова провела акцию по сбору макулатуры" бережно сохраним природу". Цель: активизация работы ученического коллектива в практической деятельности по охране окружающей среды, формирование экологической культуры учащихся и бережного отношения к природным ресурсам, расширение представлений о возможности повторного использования бумаги.