"Құстар біздің досымыз" акциясы өткізілді » Төле би атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Төле би атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» "Құстар біздің досымыз" акциясы өткізілді
05
апрель
2023

"Құстар біздің досымыз" акциясы өткізілді

Шу қаласы, Төле би атындағы орта мектебінде жаратылыстану пәндері айлығы барысында табиғаттың көркі, сәні, бақшаның әні болған құстар туралы "Құстар біздің досымыз" акциясы өткізілді. Құстар табиғатқа сән береді. Олардың әуені табиғатты құлпыртып,адамның көңіл күйін көтереді. Көктемде күн жылынып,жер беті жасыл көрпе жамылып, көзге ыстық, көңілге жақын жауқазын гүлден алқа тағады.  Осындай тіршілік иелеріне арнап  3-4 сынып оқушыларының бірі өздерінің тақырыпқа байланысты суреттерін салып келсе, екіншілері қағаздан, ағаштан ұя жасап келді. Акцияның мақсаты: Оқушыларға жалпы құстардың пайдасы туралы,олар жөнінде мағлұмат беру, қоршаған ортаны қорғау жауапкершілігін жүктеу, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру,табиғатты аялап қорғауға тәрбиелеу.