08
сентябрь
2022
"Мектепке жол" акциясы
Шу ауданы білім бөлімінің 2022 жылғы 27 шілдедегі № 400 бұйрығы негізінде Шу қаласы, Төле би атындағы орта мектепте 2022 жылдың 1-31 тамыз аралығында «Мектепке жол» акциясы өткізілді. Акцияның мақсаты: Жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтылған және көпбалалы отбасынан шыққан оқушыларға қолдау көрсету, баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын-алу.
«Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы «Мектепке жол – шекарасыз жақсылық!» атты ұранымен өткізілді Аталған акция барысында мектеп ұжымы қалыс қалмай, 10 000 теңгеге 2 оқушыға қажетті оқу құралдарын алып берсе, жеке кәсіпкер Амирмухамбетұлы Абдурахман мырза 16 оқушыға 160 000 теңгеге мектеп формасын тарту етті. «Аманат» партиясының "Шығыс" БПҰ 2 оқушыға 45 000 теңге көлемінде мектеп формасымен қамтамасыз етті. Сонымен қоса, Шу РЭС ТОО басшысы Бейсебаев Нурман Еренсізұлы 50000 тенгеге 2 оқушыны, Шу ауданы қаржы бөлімінің ұжымы 25 000 теңгеге 1 оқушыны мектеп формасымен қамтамасыз етіп, Шу ауданы әкімінің жер қатынастары бөлімінің ұжымы 2 оқушыға спорттық киіммен аяқ киімдер алып берді. Бюджеттен тыс көрсетілген көмектің соммасы 305 000 теңгені құра