«Қамқорлық» республикалық акциясы » Төле би атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Төле би атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Қамқорлық» республикалық акциясы
03
февраль
2019

«Қамқорлық» республикалық акциясы

«Қамқорлық» республикалық акциясы


Шу қаласы,Төле би орта мектебінде 10 қаңтар -10 ақпан аралығында республикалық «Қамқорлық» акциясы өтуде.Әлеуметтік себептермен оқушылырдың мектепке келмей қалуының алдын алу мақсатында іс-шаралар жүргізіліп,балалардың қажеттілігі анықталды.
«Жалпыға бірдей білім беру» қорынан отыз сегіз аз қамтылған отбасынан шыққан оқушыларға қыстық киімдер берілді. Жиырма бес бала қыстық аяқ киімдермен қамтылса,он үш балаға қыстық курткалар таратылды.Бюджет есебінен берілген материалдық көмектің жалпы соммасы 118636 (жүз он сегіз мың алты жүз отыз алты) теңгені құрады. Акция барысында мектепте қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды.Жәрмеңкеден түске қаражат есебінен отыз екі оқушыға жылы киімдер алынды,төрт оқушыға қаржылай көмек берілді.Мектеп жәрмеңкесінен жалпы соммасы 185500 (жүз сексен бес мың бес жүз) теңге көлемінде қыстық куртка, аяқ киімдер, жылы жемпірлер алынды.Акция барысында демеушілік тарапынан,мектеп мұғалімдері М.Алдабергенова мен С.Орынбаеваның атынан екі оқушыға қыстық жемпір мен бір оқушыға куртка берілді,жалпы соммасы жиырма уш мың тенгені құрады.Жеке кәсіпкер Бабалиева Мереке Аманкуловнадан он оқушыға аяқ киімдер мен қыстық курткалар берілді,жалпы соммасы 144000 (жуз қырық төрт мың) теңгені құрады.
Акция барысында 2 жетім, 74 аз қамтылған,көп балалы отбасынан шыққан оқушыларға қамқорлық көрсетілді.




Шу қаласы, Төле би орта мектебінің
әлеуметтік педагогы:
Азимкулова М.