«Қамқорлық» республикалық акциясы туралы мәлімет. » Төле би атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Төле би атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Қамқорлық» республикалық акциясы туралы мәлімет.
03
февраль
2019

«Қамқорлық» республикалық акциясы туралы мәлімет.

Шу қаласы, Төле би атындағы орта мектебіндегі
«Қамқорлық» республикалық акциясы туралы мәлімет.
2018-2019 оқу жылы

1. Қазақстан Республикасының «Білім заңының» 1-ші тарау 6 баптағы 3-ші тармақтың 2-ші тармақшасы, 1-ші тарау 8 баптағы 2-ші тармағы және 2017-2019 жоспары негізінде.
2. Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің 2019-жылғы 11 қаңтардағы №10 бұйрығын негізіне ала отырып , жалпыға бірдей міндетті оқумен қамту айлығын жүзеге асыру мақсатында « Қамқорлық» акциясы жаряланып № бұйрық шығарылды
3. Мектеп жасындағы балаларды оқумен толық қамту мақсатында 10
қаңтар мен 10 ақпан аралығында «Жалпыға бірдей міндетті орта білім беру» айлығы жарияланды.
4. Мұғалімдерге мөлтек аудандар бөлініп берілді.
5. Мөлтек аудан бойынша 0-17 жас аралығындағы жалпы бала саны 1175
мектеп жасындағысы 1142, кешкі мектепте оқитыны жоқ, колледжде 29, жоғарғы оқу орнында 8, үйде 294, балабақшаға баратыны 84 бала.
6. Айлық барысында мектепке бекітілген ықшам аудан бойынша
мектепке тартылмаған оқушы болған жоқ.
7. 1-11 сынып оқушыларын оқулықпен 100% қамтылды.
8. Әлеуметтік аз қамтылған, жетім және мүмкіндігі шектеулі балалар
үшін «Қамқорлық» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.
9. «Қамқорлық» қайырымдылық акциясының өту барысын қадағалау
мақсатында комиссия құрылды. Аз қамтылған, көп балалы, жетім балаларға бюджет есебінен 13 күртеше, 25 аяқ киім берілді. Жалпы соммасы – 118636 (жүз он сегіз мын алты жүз отыз алты) теңге.Акция аясында мектепте «Жәрмеңке» ұйымдастырылды. Түскен қаражатқа 32 оқушыға қыстық 17 күртеше, 10 етік, 2 қыстық жемпір, 1 шалбар,шапка,шарф, гамаж, 2 носки, водалазка жемпір, 4 балаға қаржылай көмек берілді. Жалпы соммасы –
185500 (жүз сексен бес мың бес жүз) теңге. Төле би орта мектебінің мұғалімдері Алдабергенова М, Орынбаева С. 3 оқушыға бір күртеше мен 2 жемпір,2-оқушыға тәттілер берді. Бюджеттен тыс қаражат есебінен балаларға көрсетілген көмектің жалпы соммасы 352500 (үш жүз елу екі мың бес жүз) теңгені құрады.
10. Мектеп бойынша жалпы оқушылар саны 1175.
11. Мектеп ұжымы мен ішкі істер бөлімінің қатысуымен рейдтер
ұйымдастырылып, оқушылардың мектепке келуі қамтамасыз етілді.


Мектеп директоры: Қадыр Т.Қ