Мектеп директорының қамқоршылық кеңес алдындағы есебі » Төле би атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Төле би атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Мектеп директорының қамқоршылық кеңес алдындағы есебі
27
декабрь
2022

Мектеп директорының қамқоршылық кеңес алдындағы есебі

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің 

«Төле би атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанындағы құрылған қамқоршылық кеңесі отырысының 

№3 ХАТТАМАСЫ


Мерзімі: 27 желтоқсан 2022 жыл

Қатысқандар: кеңес мүшелері, мектеп директоры, директор орынбасарлары


Күн тәртібінде:


  1. 2022-2023 оқу жылының І жартыжылдығында оқу-тәрбие саласы бойынша атқарылған жұмыстардың қорытындысы. Білім сапасы. Оқушылардың жетістіктері туралы
  2.  Балалардың құқығын қорғау бойынша атқарылған жұмыстардың есебі
  3. Аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан оқушыларға көрсетілген көмек туралы


Ең алғашқы сөзді мектеп директоры Джангарашева Ардак Төлепбаевна алды. Ол өз сөзінде: Құрметті кеңес мүшелері, 2022 – 2023 жылының І жартыжылдығында оқу-тәрбие саласы бойынша атқарылған жұмыстар туралы айтып өтті. Осы оқу жылы біз үшін табысты, үздік жыл болды деп есептеймін. Ары қарайда келешек ұрпақтың болашағына жауапты сіз бен біз осы істі атқарарда тек аянбай қызмет етіп, бала тәрбиесі мен білімін жетілдіруде күшіміз бірлікте болсын. Балаларыңыздың тәрбиесінде тыс қалмай, мектеппен ылғи да байланыста болсаңыздар демекпін. Күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырып шықты.

1 мәселе бойынша Осы мәселе бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Т.Н.Молдақұлова сөз алды., өз сөзінде: №472 бұйрық негізінде 2022 – 23 оқу жылына тәрбие жоспары 8 бағыт бойынша бекітілді. Сол бағыттар бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды. 

Мектебімізде өтіп жатқан барлық іс-шараларды жариялап отыратын мектепт тынысы бағдарламасы ашылды. Ол жерде мектептің белсенді оқушылары өздерін диктор ретінде көрсете отырып, барлық жаңалықтарды жеткізеді. Ол мектептің әлеуметтік парақшасына жарияланып отырады. 

Қыркүйек айында өзін өзі басқару ұйымының сайлауы өтті. Оған мектебіміздің 9-10 сыныптан белсенді оқушылар қатысты. Нәтижесінде 9 Б сынып оқушысы Бүкембай Айдана мектеп Президенті болып сайланды. 

Сонымен қатар, «Қазақстан халқы Тілдері күні» мерекесіне орай  жоспарғы сәйкес төмендегі іс-шаралар ұйымдастырылды. Апталық «А.Байтұрсынұлы және Мәңгілік ел – Мәңгілік тіл» тақырыбында өткізілді.  Сонымен қатар, мектебіміздің «Алаш» дебат фракциясы ҚР Тілдері күні мерекесіне орай ұйымдастырылған «Үш тілде білім берудің қажеттілігі» тақырыбындағы аудандық пікірсайысқа қатысып, жүлделі ІІ орын иеленді. Үйірме жетекшісі Жұматай Мөлдір. 

Қазан айында патриоттық тәрбие беру мақсатында 25 қазан Республика күніне орай іс шаралар өткізілді. Өздеріңіз білетіндей ата аналар демеушілігімен осы мереке қарсаңында мектеп ауласына шырша, туя ағаштары отырғызылды. Сондай ақ мереке қарсаңында «Үздіктерді марапаттау» жүргізілді. Онда спорт саласы мен білім бойынша алған жетістіктерімен марапатталды. 

Осы айда «Адалдық алаңы» жобасы аясында ұйымдастырылған аудандық 

«Парасатты отбасы», «Үздік сынып» байқауларына қатысып, жүлделі орындар иелендік. 

Желтоқсан айында ірі көлемде мектебіміздің базасында "Рухани құндылықтар негізінде тұлғаны патриоттық және көшбасшылық қасиеттерге тәрбиелеу" тақырыбында семинар өтті. Семинар ІІІ кезеңді: теориялық, яғни тәрбие сағаттарды, практикалық және қорытынды бөлімді қамтыды. Семинардың ең басты жаңалығы мектебімізде "Смарт сарбаз" сыныбының ашылуы! Сыныптың ашылуына Қарағанды қаласындағы 2 мәрте Кеңес Одағының батыры Т.Ж.Бигелдинов атындағы "Жас Ұлан" Республикалық мектебінің взвод командирі, майор Е.Е.Жакупбеков келіп, мектебімізбен ынтымақтастық келісім шарт меморандумға қол қойды.

         Шу ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы подполковник Бөден Нұрлан Бөденұлы мен майор Еркебұлан Егындыұлы ант қабылдаған жас сарбаздарға өз қолдарымен куәліктерін табыстады.   Сондай-ақ, осы сыныптың ашылуына себепкер болған жомарт түлектеріміз Айгүл Бейсенбекқызы мен Анжелика Алишеровнаға да алғыс хат табысталды. Семинарға  АББ-нің әдіскерлері мен тәрбие орынбасарлары, АӘД жетекшілері қатысты. Семинар өте жоғары деңгейде өткізілді.

     Төле би атындағы орта мектебінде 2 сыныптың үздік 60 оқушысын "Жас Қыран" бірыңғай жасөспірімдер мен балалар ұйымына қабылдау салтанатты жиыны өткізілді. Мектеп директоры Ардақ Толепбайқызы ұйымға қабылданатын оқушыларды құттықтап, болашақтарынан зор үміт күттіретін  еліміздің көк туын желбіретер ұл-қыз боларларына сенетінін айтып, тілек білдірді. Галстуктарын мектеп директоры, директордың орынбасарлары мен сынып жетекшілері тағып берді.

2-ші мәселе бойынша:    директордын құықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары сөз алып өз сөзінде:       2022-2023 жылдарға арналған АПБ мен бірлескен жоспар аясында жол қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында «Жолда жүру ережесін сақтайық» тақырыбында Шу АПБ ЮПТ инспекторы  полиция капитаны А.Пирматов практикалық сабақ өткізілді. Орта және жоғары буын оқушыларымен «Мектептегі әлімжеттік» тақырыбында дәріс өткізілді.
 14.12.2022ж. Шу аудандық прокурорлары мобильдік топ жетекшісі Малдыбаев Қуаныш Есжанұлы және Орынбек Нұрлан Нұржігітұлымен «Кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер арасында қылмыстың алдын алу» тақырыбында «СМАРТ сарбаздар» және «Жас жол инспекторларына» кездесу өткізілді.
 Жоспар аясында «Құқығың сенің қорғаның» тақырыбында Шу АПБ ЮПТ инспекторлары А.Пирматов және А.Баймухамбетовпен конференция өтті.
 Кіші буын оқушыларымен «Қыс мезгіліндегі қауіпсіздік және жаңа жыл қарсаңында пиротехникалық жарылғаш заттардың алдын алу» тақырыбында дәріс жүргізілді. Сондай-ақ, бала өмірі қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында мектеп ішіндегі әжетханалар, жертөле, шатырлар «Полиция көмекшілері» тобымен бірлесе тексеріліп, ӘҚБК 442б. 2б,132б.түнгі 23.00-ден кейін заңды өкілсіз жүрмеу жөнінде дәріс оқып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
 «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы » ҚР кодексінде Ата-аналардың немесе заңды өкілдерінің ҚР білім беру саласындағы заңнамасында көзделген міндеттерді орындамауы бойынша тиісті жауапкершілік қарастырылғаны ескертіліп, балалардың қауіпсіздігін ұйымдастыру, балаларға қатысты зорлық –зомбылықтың алдын алу түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кәмелеттік жасқа толмағандар арасында құқық бұзушылықтың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу ,тағы басқа іс-шаралар Құқық қорғау органы қ
ызметкерлерімен бірлесе отырып, алдағы уақытта жыл бойы өз жұмысын жалғастырады.

3-ші мәселе бойынша мектептің әлуметтік педагогы А.Карбаева сөз алды, ол өз сөзінде: 2022-2023 оқу жылында мектебімізде аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан 180 оқушы бар екендігі анықталды. Олардың барлығы тегін ыстық тамақпен қамтылып, жалпыға бірдей білім беру қорынан мектеп формасына ақшалай көмек алды. Биылғы оқу жылында да «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы «Мектепке жол – шекарасыз жақсылық!» атты ұранмен өтуде. Аталған акция барысында мектеп ұжымы   қалыс қалмай, 10 000 теңгеге 2 оқушыға   қажетті құралдарын алып берсе, жеке кәсіпкер Амирмухамбетұлы Абдурахман мырза 10 оқушыға 120 000 теңгеге мектеп формасын тарту етіп, БПҰ «Аманат» партиясы 2 оқушыға 45 000 тг мектеп формасымен қамтамасыз етті. Сонымен қоса, Шу РЭС ТОО басшысы Бейсебаев Нурман Еренсізұлы 50000 тенге көлемінде 2 оқушыға мектеп формасы мен қамтамасыз етіп, Шу ауданы әкімінің жер қатынастары бөлімінің басшысы 2 оқушыға спорттық киіммен аяқ киімдер алып берді. Бюджеттен тыс көрсетілген көмектің соммасы 265 000 теңгені құрады. 

 «Шу аналар» қайырымдылық  қоры   демеушілігімен   аз қамтылған және көпбалалы отбасынан шыққан - 3  оқушыға қыстық киім және қыстық етіктер табыстады. Бюджеттен тыс көрсетілген көмектің соммасы 50 000теңге.

Сонымен қоса, «Жомарт түлек» жобасы аясында жеке кәсіпкер Бабалиева Маржан  демеушілік жасап  10 әлеуметтік санаттағы аз қамтылған отбасынан шыққан -5 оқушыға, көп балалы отбасынан шыққан -5 қыстық киім және қыстық етіктер табыстады. Көрсетілген көмектің соммасы 350 000 теңгені құрады.
 
 

Шешім: 

  1. 2022-2023 оқу жылының І жартыжылдығында оқу-тәрбие саласы бойынша атқарылған жұмыстардың қорытындысы және оқушылардың жетістіктері қанағаттанарлық деп есептелінсін. 
  2.  Балалардың құқығын қорғау туралы жұмыстар қанағаттанарлық деп есептелініп, жұмыстар жалғасын тапсын.
  3.  Аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан оқушыларға көрсетілген көмек қанағаттанарлық деп есептеленсін.

1. Умралиев Нұркен                                       Кеңес төрағасы

Ержанович

2. Нуматов Умит                                              Мүшесі

Хабибович

3.Нұрғалиев Жеңіс                                         Мүшесі

Сейсенбекович

4.Ким Никон                                                     Мүшесі

Маркович

5.Кылышбаева Макпал                                    Мүшесі

Сатовна

6.Усаева Елена                                                 Мүшесі

Михаиловна

7.Белокобыленко Анжелика                            Мүшесі

Алишеровна

8.Сабалақова Гулзат                                       Мүшесі

Қасымханавна

9.Утебаева Орынбасар                                    Мүшесі