Қамқоршылық кеңес » Төле би атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Төле би атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
апрель
2019

Қамқоршылық кеңес

Жамбыл обылысы Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Төле би атындағы орта мектебі» коммуналдық мемілекеттік мекемесі жанындағы қамқоршылық кеңес отырысының №1 ХАТТАМАСЫ

Шу қаласы 10 сәуір 2019 жыл

Қатысқандар:кеңес мүшелері,мектеп директоры Қатыспағаны:Ж.Нұрғалиев,Н.Ким

Күн тәртібінде:

1. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2017
жылғы 27 шілдедегі «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық
кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік
қағидаларын бекіту туралы» №355 бұйрығымен танысу және ашық
дауыс беру тәртібімен қамқоршылық кеңес төрайымын ( төрағасын)
және хатшысын сайлау туралы.
2.Мектеп директоры Т.Қ.Қадырдың атқарған жұмыстарының есебі.
3.Шу ауданы полиция бөлімінің жергілікті полиция қызыметінің
ювеналды полиция тобының аға инспекторы капитан.
Б.С.Жайлыбековтың есебі.
Тыңдалды:
1.Мектеп жанындағы қамқоршылық кеңес білім беру ұйымының әкімшілігімен , ата-аналар комитетімен,жергілікті атқарушы органдармен, мүдделі мемілекеттік органдармен және өзге де жеке және заңды тұлғалармен өзара әрекет жасайды.Сомен қатар,қамқоршылық кеңес мүшелері өз өкілеттігін орындауы өтеусіз негізінде жүзеге асырылады.
Қамқоршылық кеңестің құрамына мыналар кіреді:
1) жергілікті өкілдік,атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері ;
2) жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің өкілдері; 3) коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері (бар болса);
4)ата-аналар комитеті ұсынған әрбір параллель сыныптан,курустан сол білім беру ұйымында білім алушылардың бір атаанасы немесе заңды өкілі;
5)қайырымдылық жасаушылар (бар болса).Шу қаласы,Төле би орта мектебінің ата-ана өкілі Бабалиева Мереке Аманқұлқызы мектептің қоғамдық жұмысына белсене араласып жүрген ата-аналарды ұсынуды айтып өтті.Қамқоршылық кеңесінің төреағасы және хатшысы болу керектігін айтып қайта сайлау жүргізуді ұсынды.Айтылған ұсыныс бойынша кеңес мүшелері өз ойларын айта отырып бір ауыздан төрайымға «8»а сынып ата-анасы Айқынбайева Нұрсұлу Тесікбайқызын болғаны дұрыс деп ал хатшылыққа «4»д сынып ата-анасы Сейдахметова Меруертті болғаны дұрыс деп шешті.Қамқоршылық кеңес мүшелері: 1.Жайлыбеков Біржан Сабитұлы -Шу ауданы полиция бөлімінің жергілікті полиция қызыметінің ювеналдық полиция тобының аға инспекторы.
2.Айқынбаева Нұрсұлу Тесікбайқызы-Кеңес төрайымы. 3.Нұрғалиев Жеңіс Сейсенбекұлы-атқарушы орган өкілі қала әкімінің орынбасары. 4.Ким Никон Маркович-Жамбыл обылысы мәслихатының депутаты. 5.Бабалиева Мереке Аманқұлқызы-ата-ана жеке кәсіпкер 6.Усаева Еленат Владимировна –ата-ана жеке кәсіпкер 7.Лаппаева Талант Құрманбекқызы-ата ана жеке кәсіпкер 8.Чинбаева Эльмира-Сыныптардан ата-ана өкілі 9.Кулатова Айда-Сыныптардан ата-ана өкілі 10.Сейдахметова Меруерт Тұрсынбекқызы-ата-ана өкілі-хатшы.
Бірінші мәселе бойынша сөз кезегі мектеп директоры Қадыр Тұрсын Қадырұлына берілді. Құрметті қамқоршылық кеңесінің мүшелері! Сіздердің назарларыңызға Шу қаласы, Төле би атындағы орта мектебі әкімшілігінің 2018/2019 оқу жылының екінші жартысында өткізілген іс-шаралар туралы есеп ұсынуға рұқсат етіңіздер.Төле би атындағы орта мектебінің оқу жылының басында 1175 оқушы білім алды.Олардың баршасы 53 сынып комплектісіне бөлінді Қазақ тілінде оқитын балалар саны-1010,орыс тілінде оқитыны-134 оқушы. Олар 2 аусым бойынша оқу үрдісіне қатысады. Мектепте 104 мұғалім сабақ береді. Олардың ішінде 16 мұғалім 3 айлық деңгейлік курыстан өткен.Мектепте НЗМ эксперимент бойынша 2 сынып білім алуда 10 «А» және 10 «Б» сынып оқушылары 2015 ж бастап эксперименттен өтіп жатыр.Осы уақыт арасында білім сапасы -78% өсті
Мектеп оқушылары мен мұғалімдері көптеген аудандық,облыстық,республикалық жарыстар мен олимпиадаларға қатысады.
Мектебімізде 2018-2019 оқу жылы бойынша аз қамтылған, көп балалы,жетім балалардың жаңа жылдық шыршаға қатыстырылуы туралы .2018- жылдың 24 желтоқсан күні «Президент атынан ұйымдастырылған Жаңа жылдық шыршаға» 4в сынып оқушысы Қартайғанова Гүлімай қатыстып жаңа жылдық сыйлықтар тапсырылды.24 желтоқсан күні «Обылыс әкімінің Жаңа жылдық шыршасына» 5г сынып оқушысы Кемел Ақерке қатысты,жаңа жылдық сыйлықтар тапсырылды. 27 желтоқсан күні «Қазақстан» мейрамханасында өткен «Шу ауданы әкімінің Жаңа жылдық шыршасына» 2е сынып оқушысы Кемел Сержан,2 г сынып оқушысы Кеңес Арлен ,2 е сынып оқушысы Жанболат Қаламқас қатыстырылды.Балаларға жылы күртеше,жұмсақ ойыншықтар мен сыйлықтар тапсырылды.
22-28 желтоқсан аралығында Шу қаласы,Төле би атындағы орта мектебінің Акт залында 0-11сыныптар аралығында Мүмкіндігі шектеулі,үйде оқитын балаларға «Жаңа жылдық шырша» мерекесі аталып өтті. Мерекеде балаларға арналған сыйлықтар мен тәттілер үлестірілді. Мектебімізде 14 ақпан күні Ауған күні соғысына 30 жыл толуына орай мерекелік іс-шара өткізіліп Ауған соғысының ардагері Юрий Викторович Дегтярев және С.В.Хамиджанова қатысып ардагерлерге мектеп мұғалімдері атынан 10000 тенге көлемінде сыйлықтар беріліп сый көрсетіліп,концерттік бағдарламалар қойылды.Оқу- тәрбие жұмысын жүргізу барысында жоспарға алынған барлық іс-шаралар өз уақытында өткізіліп отырады. Мектебімізде 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында «Қамқорлық-қайырымдылық» акциясы ұйымдастырылды.Акция барысында бұйрық шығарылып , іс-шара жоспары құрылды. Тұрғындар арасында акцияның басталғандығы туралы жарияланды Ата-аналар мен сынып жетекшілерінің сұраныстары қабылданып,демеушілер тарапынан көмек көрсетілді. Бұл акцияның мақсаты –Әлеуметтік көмек алуға құқығы бар аз қамтылған,көп балалы,тұрмысы қолайсыз отбасылардың балаларына жетім,жартылай жетім отбасынан шыққан балаларға ,әлеуметтік көмек көрсетілді. «Жалпы оқумен қамту» қоры есебінен 12 оқушыға қыстық жылы куртка және 25 оқушыға жылы қыстық аяқ киімдер берілді.Жалпы соммасы 118.636 теңгені құрады.Мектебімізде жалпы мектептік «Қайырымдылық жәрмеңкесі» болып одан түскен қаражаттан 17 оқушыға куртка,10 оқушыға етік ,2 оқушыға қыстық жемпір,1 оқушыға шалбар, қыстық киімдер беріліп 4 оқушыға қаржылай көмек көрсетіліп, барлығы 185 500 тенге көлемінде қаражат жиналды,акциядан түскен қаражатты алқа мүшелерінің шешімімен тиісті оқушыларға үлестірілді.Демеушілік тарапынан жеке кәсіпкер Бабалиева Мереке Аманукловнадан 10 оқушыға қыстық аяқ киіммен, қыстық күртеше берілді.жалпы соммасы 144000 мың теңгені құрады .Мектеп мұғалімдері Орынбаева С,Алдабергенова М.2 оқушыға қыстық жемпір мен 1 оқушыға қыстық күртеше берді жалпы соммасы 23000 тенгені құрады Қайырымдылық акциясы барысында 2 жетім 74 аз қамтылған, көп балалы отбасынан шыққан көмекке мұқтаж балаларға жалпы соммасы 471 136 теңгені құрады. Бюджеттен тыс көрсетілген көмектің соммасы 352500 теңгені құрады. Көп балалы және аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік қолдау аясында «Қамқорлық қайырымдылық акциясын» жалғастыру барысында «қайырымдылық жәрмеңкесінен түскен» 5 оқушыға күртеше мен аяқ киім,мектеп формасы және 1 оқушыға математика дәптері алып берілді. Жалпы соммасы 26800 тенгені құрады.
2018-2019 оқу жылында «Жалпыға бірдей оқумен қамту»қоры есебінен 1-сыныптар арасында 157 оқушы,және 2,жетім 48 аз қамтылған, көп балалыотбасынан шыққан отбасындағы балалар күнделікті бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылуда. Аз қамтылған,көп балалыларды қайта қарау,атаулы әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасы балаларын анықтау барысында, 2019 жылдың 1- наурыздан бастап 3 аз қамтылған 1 көп балалы отбасынан шыққан балалар бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылуда. Аз қамтылған, көп балалы отбасынан шыққан 54 оқушы қала әкімінің тізімімен бекітіліп, ыстық тамақпен қамтылуда .Мектебімізде мүмкіндігі шектеулі үйде оқитын,инклюзивті оқушылар арасында 15-наурыз күні «Жұлдызай» Балалар шығармашылығы фестивалінің ережесі бойынша «Жұлдызай –жеңіске жетуді үйретеді!» байқауы бойынша 2 «ж» сынып оқушысы Токтахунова Кайсса қатысып. «Саун трек», мульфилимнен ым-ишарат номинациясы бойынша дипломмен марапатталып сыйлықтар тапсырылды.
Екінші мәселе бойынша АПБ-нің ЮПТ-ның аға инспекторы Жайлыбеков
Біржан 2019 жылдың қаңтар айында жоспар бойынша бірталай жұмыстар атқарылды.Мәселен , І-жарты жылдықта айтып өткен, мектепшілік тізімге екі оқушы тіркелгендігін мәлімделді. 10 «А»сыныбында оқитын Солтубаева Жанерке мен 8 «Г» сыныбында оқитын Аязбай Арайлымның ата-аналарымен кездесіп , түсіндірме жұмыстарын жүргізіп,түнгі уақытта үйде отырғандығын қаддағалау жүргізілді. Жастар арасында «Қылмыс пен құқық бұзушылықтың ерте жыныстық қатынасқа түсуінің,балалардың өзіне-өзі қол жұмсау және оған ұмтылған деректерінің алдына алу» тақырыбында кездесу өтті.Сабаққа келмей жүрген балалардың үйіне барып,түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Ақпан айында «Кәмілетке толмағандар мен жастар арасында маскүнемдік нашақорлық,жыныстық жүгінсіздік,зорлық-зомбылықтың етек алуымен үйлесу» тақырыбында дәріс оқылды,Оқуға келмей жүрген, бақылаусыз қалған оқушылардың үйлеріне рейд жұмыстары жүргізілді.
11сынып жетекшілері сынып оқушылары мен құқық бұзушылықтың
алдын-алу,құқықты насихаттау,зиянды заттардың алдын-алу іс-шаралары бойынша тәрбие сағаттары,дөңгелек үстелдер,баяндама,бейне филимдер көрсетілуде. Құқықтық кеңес отырысында мектеп ережесін бұзған оқушылардың тәртібі,ата-аналарын шақырып,қаралды. 1-11 сынып оқушыларына жаз және қыс мезгілдерінде 22.00-ден кейінкөшеге ата-анасыз немесе оны алмастырушы тұлғасыз шығуға болмайтыны көрсетілген арнайы ескертумен таныстырылды. Мектепшілік есепте тұрған оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану үшін мектепшілік үйірмелерге,сыныптан тыс іс-шараларға қамтылды.ӘҚБК 442б.2б, 132б.түнгі 23.00-ден кейін заңды өкілсіз жүрмеу жөнінде дәріс оқып,түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Мектепте жайсыз отбасы АІІБ-не тіркелген жоқ.Бірақ ,ақпан айының 27-сі мен Қуантаева Залина,Арсен,Мөлдір,Диананың мектепке қайтып келуіне байланысты,мектепшілік тізімге алынды.Жалпы қазіргі таңда мектепшілік тізімде 5 оқушы.Аталған оқушылардың ата-анасы ажырасқан, балалар анасының қолында,анасы пекарнида наубайханашы болып жұмыс жасайды. Тұрмыс жағдайы төмен,балалары қараусыз.АПБ-ұсыныс тасталынды, АПБ-не жайсыз отбасы ретінде тіркеуге алыну жөнінде.Кәмілеттік жасқа толмағандар арасында құқық бұзушылықтың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу жұмыстары жалғасын табады. Кеңес мүшесі Н.Т.Айхынбаева сөз алды.Мектеп тарапынан балалардың дұрыс тәрбие мен білім алып өсуі үшін атқарылып жатқан жұмыстарға көңілім толады. Әлеуметтік аз қамтылған,көп балалылар үшін үнемі қайырымдылық акциялары жасалып отырады.Осы үшін үлкен рахмет айтқым келеді.
Төле би атындағы орта мектеп жанындағы қамқоршылық кеңес күн тәртібіндегі мәселелерді талқылай келе төмендегідей
ШЕШІМ ЕТЕДІ: 1.Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы қанағаттанарлық деп есептелсін.
Мүшелері:
кеңес төрайымы: Айхынбаева Н
хатшы: Сейдахметова М
кеңес мүшесі: Жайлыбеков Б
кеңес мүшесі: Нұрғалиев Ж
кеңес мүшесі: Ким Н
кеңес мүшесі: Бабалиева М
кеңес мүшесі: Усаева Е
кеңес мүшесі: Лаппаева Т
кеңес мүшесі: Чинбаева Э
кеңес мүшесі: Кулатова А 1. 2. Қамқоршылық кеңес жұмысы 2017 жылдың 27 шілдедегі №355 бұйрығы негізінде жылдық жұмыс жоспары бекітіліп,жоспарға сәйкес жұмыс жүргізілсін.

2.Шу қаласы,Төле би атындағы орта мектебінің директоры Т.Қ.Қадырдың «Қамқоршылық кеңес» алдындағы есебі қанағаттанарлық деп есептелсін. 3.Шу АПБ-нің ЮПТ-ның аға инспекторы, кеңес мүшесі Б.Жайлыбековтың есебі қанағаттанарлық деп есептелсін.