«Дарынды шәкірт – шығармашыл ұстаздан» тақырыбындағы семинар
Аудандық көлемде «Дарынды шәкірт – шығармашыл ұстаздан» тақырыбында семинар өтті. Іс-шарада шығармашыл оқушыларымыздың кітаптарының тұсауы кесілді. Жас қаламгерлер өз кітаптары туралы таныстырылым жасады. Меделбай Асфендияр «Ұшқын» кітабы туралы ақпарат беріп, жетекшісі Гүлжан Сабденқызына алғысын білдірді. Қылқалам шеберлері: Мұсабаева Айдана мен Мырзахан Амина комикс жанрындағы «Қойшы батыр» ертегі кітабымен таныстырды. Нағима Нағашбекқызының шәкірті Тұрсынбек Әнел «Шабыт...»