16
September
2025
«Заң және тәртіп» , “Мектептің ішкі тәртіп ережелері”
2025 жылдың 16 қыркүйек күні Municipal public institution Төле би атындағы орта мектебінің 8-11-сынып оқушылары арасында «Заң және тәртіп» , “Мектептің ішкі тәртіп ережелері”тақырыптарында жиналыс өтті. Жиналысқа Шу АПБ-нің ЖПБҚ ЮПТ УПИ полиция лейтенанты М.М.Кусайнов , ДТІЖО А.Ж.Имашева және мектеп психологы Г.Алагузова қатысты. Іс-шара барысында тәртіп мәселелері талқыланып, жақын арада орын алған Көкқайнар ауылында, Байзақ ауданында кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер арасында болған құқықбұзушылық туралы, Тараз қаласында орын алған қылмыстық іс туралы мәліметтер, қылмыс оқиғасы жайында ақпараттар берілді. Schoolchildren суық қарулы (пышақ, кастет және басқа да қауіпті құралдар) мектепке алып келуге тыйым салынатыны ескертілді. Суық қарудың оқушы өміріне де, айналасындағы адамдарға да қауіп төндірілетіні түсіндірілді. Сонымен қатар оқушыларға құқықбұзушылықтың алдын алу, мектеп ережелерін сақтау, тәртіп пен жакуапкершілік жайында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.


