02
сентябрь
2022
«Абайлаңыз, балалар!» акциясы
Шу қаласы Төле би атындағы орта мектебі КММ-де 2022 жылы 2-қыркүйек күні оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру, ережелерді есте сақтауға үйрету, жол қауіпсіздігін, өз өмірлерін сақтай білуге тәрбиелеу мақсатында «Абайлаңыз, балалар!» акциясы аясында Шу АПБ ЖПҚБ ЮПТ полиция капитаны А.Пирматов 1-4 сынып оқушыларына ақпараттандыру -түсіндірме жұмысынын жүргізді. Жолдағы қауіпсіздік ережелерін айта отырып, жолақ жолдан өту, велосипедпен өту ережелерін пысықтап өтті.