25 қазан Республика күні » Төле би атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Төле би атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 25 қазан Республика күні
24
октябрь
2022

25 қазан Республика күні

  25 қазан Республика күніне орай Төле би орта мектебінде 21 қазан күні  "Үздіктерді марапаттау" үшін жалпы мектептік жиын өткізілді.
Жиын жаппай мемлекеттік Гимн орындаумен басталды. Оқу жылы басталғалы оқушыларымыз қаншама жарыстар мен  байқауларға қатысып, жүлде алып, мектеп қоржынын толықтыруда. Білім сайысы, спорттан болсын оқушылар даралығы мен қабілеттерін дәлелдеп жатыр. Осындай дарынды оқушылар бүгінгі жиында үлгі ретінде марапатталып,  қошеметке бөленді.
Биылғы марапаттау рәсімі жылдағыдан ерекше. Себебі салтанатты шара бүгінде ұлттық мәртебе алған Республика күні қарсаңында өтіп жатыр. Республика күні - еліміздің Тәуелсіздік жолындағы алғашқы қадамын айшықтайтын, халқымыздың бірлігі мен берекесін одан әрі нығайтатын ең маңызды ұлттық мейрам.
 Баршаңызға мереке құтты болсын! Еліміздің ертеңгі болашағы болатын осындай дарынды оқушыларымыз көбейе берсін!