«Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық» » Төле би атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Төле би атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық»
01
сентябрь
2022

«Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық»

Шу қаласы, Төле би атындағы орта мектебінде 2022-2023 оқу жылын жариялайтын іс-шараның жоғары идеялық-құндылықтық мазмұнын қамтамасыз ету, қажетті іс-қимылдарды үйлестіру және жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында білім алушылардың бойында жағымды көңіл-күй, оң көзқарас қалыптастыру мақсатында қыркүйектің бірінші күні мектебімізде Білім күніне арналған «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық» тақырыбындағы салтанатты жиын өткізілді. Жиын өңірдің дамуына үлкен үлес қосқан құрметті қонақтардың, атап айтсақ Шу ауданының тумасы, құрметті азаматы,  ЕҰУ – нің профессоры Сайлау Батырша – ұлы, Шу ауданы әкімдігінің қаржы бөлімінің басшысы Жунисалиев М.М., қамқоршылық кеңесінінің төрағасы Умралиев Н.Е., ардагер ұстаздар және бірінші сынып білім алушылары ата-аналарының қатысуымен өткізілді. Сайлау Батырша-ұлы мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндерге ізгі тілегін білдіріп, мектебімізге өзінің қолтаңбасы қойылған кітабын сыйлады.  
Оқу жылы мектебіміз үшін зор жетістіктермен басталды, тамыз айында Нұр – Сұлтан қаласында  өткен Азия чемпионатында 6  сынып оқушысы Асанходжаев Наиль  жүлделі ІІ орын алып, мектебіміздің даңқын шығарып отыр. «Оңтүстік батыры» сайысында жүлделі орындар алған  Е.Дәулет, Ж.Мұрат, Н.Төлеубек те мектеп атын көкке көтерді.  Соңынан "Білім күніне" арналған "Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет" тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өткізілді. Биылғы балалар жылымен қатар келген мектеп табалдырығын аттап отырған бүлдіршіндер үшін бүгін ерекше күн. Сағынышқа, шаттыққа толы "Алғашқы қоңырау" мерекесі баршамызға құтты болсын!