"Ұлылықтың басында ұстаз тұрар" » Төле би атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Төле би атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Ұлылықтың басында ұстаз тұрар"
01
октябрь
2021

"Ұлылықтың басында ұстаз тұрар"

Шу қаласы, Төле би атындағы орта мектебінде "Ұстаздар мерекесіне" орай, "Ұлылықтың басында ұстаз тұрар" тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Таңертең 11 сынып білім алушылары ұстаздарды гүл  шоқтарымен қарсы алып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.  Сонымен қатар, 1 қазан күні барлық санитарлық талаптардың сақталуымен концерт ұйымдастырылды. Концерт мектеп директоры Тұрсын Қадырұлының құттықтау сөзімен ашылды. Кәсіби мереке қарсаңында білім  саласына өздерінің елеулі үлестерін қосып, жас ұрпақты білім нәрімен сусындатып, әрі өнегелі тәлім-тәрбие беріп жүрген ұлағатты ұстаздарға  алғыс хаттар  табысталды. Сондай-ақ, мерекелік шараға арнайы шақырылған  мектептің ардагер ұстаздарына да ерекше құрмет көрсетіліп, сыйлықтар мен гүл шоқтары табыс етілді.
     Шәкірттер санасына білім сәулесін шашып, ғылымның шырағын жағып жүрген ұлағатты ұстаздарға ақ тілектер мен ыстық ықылас білдірген мектептің білім алушылары жиылған қауымға ерекше көңіл-күй сыйлады.
    Білім мен ғылымға арнаған істеріңіз абыройлы болып, құрметтеріңіз әрдайым арта берсін! Болашақтың тұғыры жастарымыз білімді де іскер болсын! Тәуелсіз еліміз көркейіп, өркендей берсін!