«Адам бойында бәрі де әдемі, сұлу болуға тиіс» тақырыбында кеңес берді. » Төле би атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Төле би атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Адам бойында бәрі де әдемі, сұлу болуға тиіс» тақырыбында кеңес берді.
06
апрель
2023

«Адам бойында бәрі де әдемі, сұлу болуға тиіс» тақырыбында кеңес берді.

Төле би атындағы орта мектебінде тәрбие жоспарына сәйкес ДТІЖО Т.Н.Молдақұлова  қыз бала алдында қоғамның, елдің, ұлттық тыныс – тіршілігі барысындағы үлкен жауапкершіліктің тұрғанын, олардың санасына жасынан құйып, әдеп пен сыпайылық, тазалық пен адамгершілік нәрімен сусындатып, білікті, білімді, жан – жақты жетілген қыз баланы тәрбиелеу, қазақ халқының әдет-ғұрпы арқылы қыз бала тәрбиесіне тән қасиеттерді бойына сіңіру,ұлттық қасиеттерін таныта білу мақсатында 8-10 сынып қыз балаларына «Адам бойында бәрі де әдемі, сұлу болуға тиіс» тақырыбында кеңес берді.
Ізеттілік, көргенділік нәресте кезінен ана сүтімен бойға сіңеді. Қатты күлмеу, айқайлап сөйлемеу, үлкеннің жолын кеспеу, ыдыс аяқты салдырлатпау, үлкендерден жоғары отырмау тәрізді тіпті қыз баланың отырысына, жүрісіне, аяқ басқанына, киім киісіне, қимыл – қозғалысына, дауыс ырғағына дейін мән берудің өзі қыз бала тәрбиесіне аса зор мән беріп, көңіл қоюдың өзі үлкен жауапкершілікті сездіреді.
   Қыздарымыз тек сырты сұлу  ғана емес, тәні де, жүрегі де, келбеті де, жанары да, назары да, табиғатына тән парасаты да сұлу болуы керек.