"Көктем аруы - 2023" байқауы өтті. » Төле би атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Төле би атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Көктем аруы - 2023" байқауы өтті.
03
март
2023

"Көктем аруы - 2023" байқауы өтті.

Шу қаласы, Төле би атындағы орта мектебінде жоспарға сәйкес 8 наурыз - Халықаралық қыз келіншектер күні қарсаңында 8-9 қыздар арасында "Көктем аруы - 2023" байқауы өтті.
Мақсаты: Қазақ халқының мәдениетін, тілін және салт-дәстүрін насихаттау және дамыту;
- Жастардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату.
- Тек сыртқы ғана емес, ішкі жан дүниесі де рухани бай, көркем қыздарын таңдау.
- Қазақ халқының асыл мұрасы салт-дәстүрін насихаттау;
- Жастардың дүниетанымын кеңейту, әдеби-көркем, мәдениетті сөйлеуге дағдыландыру;
- Талантты және дарынды жастарға қолдау көрсету;
Байқауға мектептің ұстаздары мен ата аналар комитетінің төрайымы қазылық етті.                                                                    Қыздар 1. «Ерке қызбын» таныстыру сайысы 
2. «Ою ойғанның ойы ұшқыр» 
3. «Өнерлі өрге жүзер» өз өнері. 
4. «Білгенге маржан» сынды бөлімдер бойынша сынға түсті. 9 "Б" сынып оқушысы Меделбай Мерей "Көктем аруы - 2023" атанды.