09
сентябрь
2022
Отбасы күні
Шу қаласы, Төле би атындағы орта мектебінде «Отбасы күні» мерекесіне арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес 1-4 сынып оқушылары арасында «Мен және менің отбасым» тақырыбында сурет салу байқауы ұйымдастырылды. Байқауға 3а, 4а, 2е, 2а, 2г, 2д, 3г, 4д сынып оқушылары белсенді атсалысты!
Іс-шараның мақсаты-өскелең ұрпақты тәрбиелеу кезінде отбасылық салт-дәстүрлерді қолдау және дамыту, оқушылардың көркемдік шығармашылығын насихаттау, балалардың бойында патриотизм және отбасылық құндылық сезімдерін ояту болып табылады.