26
январь
2023
"Қызым - қызғалдағым" тақырыбында тәрбие сағаты
Шу қаласы, Төле би атындағы орта мектебінің 8 сынып жетекшісі Абиева Ұлдана "Қызым - қызғалдағым" тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты: Оқушыларды қазақ қызы мен ер баланың бойына тән өнерлік тәлімдік қасиеттермен таныстыру, мұны ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптармен байланыстыра білу. Ұл бала мен қыз баланы бір-бірін шынайы құрметтеп, қастерлей білуге баулу, өзара сыйласымдылықты, достық қарым-қатынасты қалыптастыру; Оқушылардың бойында әдептілік қасиеттерді дамыту; Талғаммен киінуге, әсемдікке, сұлулыққа құштарлығын арттыру, яғни эстетикаға тәрбиелеу.