18
апрель
2023
"Достық - көмекпен мықты" тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.
Төле би атындағы орта мектебінде тәрбие жоспарына сәйкес 5 сынып жетекшісі М.Алдабергенова "Достық - көмекпен мықты" тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты: Оқушыларға достың адам өміріндегі маңызы, орны, достықтың шынайы белгісі туралы айтып түсіндіру. Оқушыларды адамгершілікке, адалдыққа, тату, мейірімді болуға тәрбиелеу, әр балаға өз досының жақсы жақтарын үлгі тұтып, сол жақсы қасиеттерін өз бойына сіңіре білуге үйрету.