05
декабрь
2023
АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ
Төле би атындағы орта мектебінде АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ жұмыс жоспарына сәйкес кәсіби бағдаралды жұмыстарының үйлестірушісі К.М.Муканова жоғары сынып ата аналарымен “Балаға мамандық таңдауға қалай көмектесуге болады?” тақырыбында сабақ өткізді. Сабақ жасөспірімнің мамандық таңдауында ата-ана тап болатын қиындықтарды азайтуға,
* жасөспірімнің бейімі мен қызығушылығын анықтауға;
* ата-аналар мен жасөспірімдер арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға көмектеседі.
Сабақтың мақсаты: ата-аналардың баланың өзін-өзі көрсетуіне дайындығын дамыту.
Міндеттері:
1. Мамандық таңдау кезінде балаға қолдау көрсетуі үшін ата-ананың мықты уәжін қалыптастыру.
2. Ата-аналардың өз кәсібін іздеу кезеңінде баланы қолдау әдістері мен шарттары туралы тұрақты түсініктерін қалыптастыруға ықпал ету.
3. Баланың жеке тұлғасының ерекшеліктерін, қызығушылықтарын, қабілеттерін анықтау дағдыларын дамыту.




