"Жарқын болашақ кепілі - жас маман" тақырыбында жас мамандар апталығының ашылу салтанаты өтті » Төле би атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Төле би атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Жарқын болашақ кепілі - жас маман" тақырыбында жас мамандар апталығының ашылу салтанаты өтті
14
март
2023

"Жарқын болашақ кепілі - жас маман" тақырыбында жас мамандар апталығының ашылу салтанаты өтті

Бүгін мектебімізде жас мамандардың шығармашылық өсуін, кәсіби қызығушылығын арттыру мақсатында "Жарқын болашақ кепілі - жас маман" тақырыбында жас мамандар апталығының  ашылу салтанаты өтті. Мектеп басшысы Ардақ Төлепбайқызы жас мамандарды құттықтап, сәттілік тілегін білдірді. Абай атамыздың "Ұстаздық еткен жалықпас,үйретуден балаға" дегендей, тәлім-тәрбие ісінен жалықпайтын, шығармашылығы мол, еңбекқор парасатты азамат қана ұстаз болу керек. Өйткені баланы өзіне тарта алатындай, жүрегіне жол таба алатындай шын тәлімгерлігі бар жан ғана мәртебелі мамандық иесі "Ұстаз" деген атаққа ие болады. Ендеше шәкірт жүрегіне нұр құюды мақсат еткен, ұстаздық жолға түскен жас мамандарымызға өздерінің кәсіби әр қырынан көрсететін  апталықтарына сәттілік тілеймін.