03
апрель
2023
"Жаратылыстану әлеміне саяхат" атты жаратылыстану пәндері айлығының ашылу салтанаты өтті
2023.04.03 күні мектебімізде "Жаратылыстану әлеміне саяхат" атты жаратылыстану пәндері айлығының ашылу салтанаты өтті.Мектеп басшысы Ардақ Толепбайқызы құттықтау сөзімен бірге әріптестеріне сәттілік тілеп, шәкірттерді алдағы іс шараларға белсенді қатысуға шақырды.
Табиғат саяхатшылары өлеңнен шашу шашса,табиғат ханшайымдары әр пән ғажайыптарын тәжірибемен көрсетті.
Табиғаттың құпиясы тұңғиық,
Көз жетпейтін мұнарасы тым биік,
Білгені сайын сырын оның жүреміз
Жүректерге өшпес жалын нұр құйып, -деп мұғалімдеріде би билеп, өз өнерлерін ортаға салды. Сонымен қатар оқушылардың жоба жұмыстарының көрмесі де қойылды.Айлықтың ашылуы өте тартымды өтті.
