Жаратылыстану пәндері бірлестігінің "Экологиялық сауаттылық - ел амандығы" атты айлығының ашылуы » Төле би атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Төле би атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жаратылыстану пәндері бірлестігінің "Экологиялық сауаттылық - ел амандығы" атты айлығының ашылуы
05
апрель
2021

Жаратылыстану пәндері бірлестігінің "Экологиялық сауаттылық - ел амандығы" атты айлығының ашылуы

Бүгін, 2021.04.05 күні Жаратылыстану пәндері бірлестігінің "Экологиялық  сауаттылық - ел амандығы" атты айлығының ашылу салтанаты өтті. Мектеп директоры Қ.Т.Қадырұлы:  -Табиғат тепе- теңдігін қалпына келтіріп, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау, табиғат қазынасын сақтау әрбір адамның парызы және экологиялық сауаттылықты талап етеді,- дей келе айлықтың өтуіне сәттілік тіледі. Бірлестік жетекшісі К.М.Джамбершиева  айлықтың мақсат міндеттерімен, айлық барысында атқарылатын іс шаралардың өткізілу ретімен  таныстырып, оқушыларды белсенді  қатысуға шақырды. Салтанатты жиыннан соң мектеп директорымен бірлестіктегі пән мұғалімдер "Жасыл ел" бағдарламасы аясында мектеп ауласына жеміс ағаштарын отырғызды.Мектептегі басқа пән бірлестіктеріне осы игі бастаманы қолдап, жалғастыруға шақырды.