Төле би атындағы орта мектебінің 3г-сынып жетекшісі: Болтаева Г.Ж. » Төле би атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Төле би атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Төле би атындағы орта мектебінің 3г-сынып жетекшісі: Болтаева Г.Ж.
01
апрель
2024

Төле би атындағы орта мектебінің 3г-сынып жетекшісі: Болтаева Г.Ж.

Төле би атындағы орта мектебінің 3г-сынып жетекшісі: Болтаева Г.Ж.
Пәні: қазақ тілі 
Тақырыбы: Негізгі және туынды сын есім
Мерзімі: 18.03/2024 ж.
Сабақтың мақсаты: Сын есімнің негізгі және туынды боп бөлінетіндігін білу. Сөйлемдерден сын есімді табу, мысал келтіру. Туынды сын есімдер жасау, сөйлемдер құрастыру. Оқушылар шеңберге жиналып, допты бір-біріне лақтырып, сын есімнің ережесін айтып, мысал келтірді. Оқушылар дәптермен жұмыс жасады. Топтан бір оқушы ереже бойынша сызған кластерлерін қорғап, сөйтіп жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын өздері ашты. Сабақ мақсатына жетті. Оқушылар табыс критерийлері бойынша сабақты меңгерді. Сабақ басында сыныптағы ахуал жақсы қалыптасқандықтан, сабақ аяғына дейін оқушылар белсенді болды. Сабақты меңгертуде жоспарлаған, таңдап алынған әдіс-тәсілдер тиімді болды. Мұғалім берілген уақыт ішінде үлгерді. Сабақ жақсы деңгейде өтті.