26
февраль
2024
Төле би атындағы орта мектебінде 11 сынып ата аналарымен жиналыс өткізілді.
Төле би атындағы орта мектебінде 11 сынып ата аналарымен жиналыс өткізілді.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша, мектеп директоры Джангарашева А. Т. ата-аналарға ҰБТ-ге байланысты ақпараттарды айта келе, І жартыжылдықта алынған сынама тест қорытындылары мен мектеп түлектерінің дайындықтарына тоқталды.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Буенбаева Н. А. ата-аналарға 11-сынып оқушыларының қорытынды аттестаттауы, ҰБТ- ге қатысу ережесімен таныстырды. Қаңтар-ақпан айларында тапсырған сынама тест қорытындысына жіті тоқталды. Оқушылардың әр пәннен алған ұпайлары мен жалпы жинаған ұпайларына салыстырмалы талдау жасады.
Қазақ тілі, Қазақстан тарихы, математика, физика, биология, география, химия пән мұғалімдері оқушылардың дайындық деңгейлерін, сынама тест қорытындыларының төмен алу себептерін айтып өтті. Әрбір оқушының пән бойынша жетістіктері мен осал тұстарын ата-аналар да жете білуге тиіс, мектепте өтетін қосымша сабақтарға, курстарға оқушылардың үнемі қатысып отыруын ата-ана да қадағалауға міндетті екендігі ескертілді.



