12
декабрь
2025
«Әжелер мектебі»
Шу қаласы Төле би атындағы орта мектебінде «Әжелер мектебі» тақырыбында 3- сынып оқушыларының әжелерімен іс-шара өтті.
Іс-шараның мақсаты-оқушыларды ұлттық салт-дәстүрге баулу, әдет-ғұрыптарын бойға сіңіру, үлкенді сыйлауға тәрбиелеу.
Іс-шара барысында ардақты әжелеріміз балаларға өнегелі әңгімелер айтып, құрақ-көрпе құраудың қыр-сырларын үйретіп, ою-өрнектің шығу тарихын түсіндіре отырып, құрақ-көрпе бұйымының жасалу жолын көрсетті.
Бірі немересіне ұршық иіруді үйретсе,бір әжеміз ертегі айтып немерелерін табандылыққа,қайсарлыққа шыңдады,тағы бір әжеміз бауырсақ пісірудің қыр- сырын үйретті.
Оқушылар сұрақтар қойып, белсенді қатысып,өз ойларымен бөлісті.Іс -шара оқушыларға жақсы әсер қалдырып,ұлттық құндылықтарды құрметтеуге үйретті.


