09
февраль
2026
“Ана болу - өнер”
Бүгін 7-сынып оқушыларының аналарымен “Ана болу - өнер” тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің мақсаты: ананың орны, баламен сенімді қарым-қатынас орнату, ана мен бала арасындағы эмоционалды байланысты, өзара түсіністікті қалыптастыру.
Іс-шара А.Саткынованың психологиялық жағымды орта қалыптастыруынан бастау алып, И.Иембергенованың “Бақытты ана - бақытты бала” баяндамасымен жалғасын тапты. Оқушылар ана туралы өлеңдер оқып, анаға хат жазып жылы лебіздерін білдірді. Қатысушы аналарымыз бала тәрбиесіне байланысты түрлі жағдаяттық тапсырмаларды шешіп, өз тәжірибесімен, пікірімен бөлісті. Іс-шара соңында сынып жетекшілер тарапынан аналарға алғыс хаттар табыс етілді. Аналарымыз да өз кезегінде ұстаздарға алғыс білдіріп, жағымды кері байланыс жасады.
https://www.facebook.com/share/v/1JoYz4DRPc/