«Әке – отбасы тірегі» атты дөңгелек үстел » Төле би атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Төле би атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Әке – отбасы тірегі» атты дөңгелек үстел
06
февраль
2026

«Әке – отбасы тірегі» атты дөңгелек үстел

Мектебімізде тек 8-сынып оқушыларының әкелерінің қатысуымен «Әке – отбасы тірегі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – әкенің отбасындағы және бала тәрбиесіндегі рөлін арттыру, жауапкершілік пен өнегені дәріптеу, сондай-ақ әкелер арасында тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасау.
Кездесу барысында қатысушы әкелер бала тәрбиесіндегі өз ұстанымдары, отбасындағы қарым-қатынас, баламен тіл табысу, қолдау көрсету мен үлгі болудың маңызы жөнінде ой бөлісті. Әкелер арасында ашық пікір алмасу жүргізіліп, тәрбиенің өзекті мәселелері талқыланды.
Дөңгелек үстелді 8-сынып жетекшілері
Балмағанбетова Дана және Данышбай Балауса ұйымдастырды.
Іс-шара әкелердің тәрбиелік жауапкершілігін арттыруға бағытталған мазмұнды әрі тағылымды кездесуге ұласты.
​​​