Ардагер ұстазбен тағылымды кездесу » Төле би атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Төле би атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Ардагер ұстазбен тағылымды кездесу
09
февраль
2026

Ардагер ұстазбен тағылымды кездесу

Мектебімізде ардагер ұстаз Дамеш Шайхиеванамен мектеп мұғалімдерінің қатысуымен дөңгелек үстел форматында кездесу өтті.
Кездесудің мақсаты – ұстаздық жолдағы мол тәжірибені жас әріптестерге үлгі ету, педагог мамандығының құндылығын дәріптеу және кәсіби бағыт-бағдар беру.
Дөңгелек үстел барысында ардагер ұстаз өз еңбек жолынан сыр шертiп, білім мен тәрбие берудегі жауапкершілік, шәкірт жүрегіне жол табудың маңызы, мұғалім беделін сақтау туралы тағылымды ойларымен бөлісті. Сонымен қатар, кездесуде Қазақстан Республикасының Конституциясындағы кейбір негізгі баптар мен заң талаптары, әсіресе білім беру саласына, азаматтық жауапкершілікке және құқықтық мәдениетке қатысты мәселелер кеңінен түсіндірілді.
Ұстаздар тарапынан сұрақтар қойылып, еркін пікір алмасу өтті.
Кездесу мазмұнды өтіп, педагогтер үшін тәжірибе алмасуға бағытталған пайдалы әрі тағылымды басқосуға айналды.
​​​