ЖОО - мектеп коллаборациясы: функционалдық сауаттылық, инновациялық тәжірибе және үздік әдістеме тақырыбында өткен облыстық семинар » Төле би атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Төле би атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » ЖОО - мектеп коллаборациясы: функционалдық сауаттылық, инновациялық тәжірибе және үздік әдістеме тақырыбында өткен облыстық семинар
08
апрель
2025

ЖОО - мектеп коллаборациясы: функционалдық сауаттылық, инновациялық тәжірибе және үздік әдістеме тақырыбында өткен облыстық семинар

ЖОО - мектеп коллаборациясы: функционалдық сауаттылық, инновациялық тәжірибе және үздік әдістеме тақырыбында өткен облыстық семинар аясында М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің "Педагогика" кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Бузаубакова Клара Джайдарбековна мектептің педагогикалық сынып оқушыларымен "Мұғалім мамандығының қыр-сыры" тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
     Профессор заманауи мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі мен тұлғалық қасиеттері жайлы сөз қозғап, оқушылармен ашық сұхбат жүргізді. Шара барысында оқушылар педагогикалық мамандыққа деген қызығушылықтарын арттырып, кәсіби тұрғыда құнды ақпарат алды. Дөңгелек үстел еркін пікір алмасу алаңына айналып, оқушылар өз ойларын ортаға салып, ұстаздық мамандық туралы көзқарастарын кеңейтуге мүмкіндік берді.
      Мұндай кездесулер болашақ педагогтердің кәсіби қалыптасуына оң әсер етіп, ЖОО мен мектеп арасындағы тығыз байланыстың нәтижелі үлгісі ретінде маңызға ие. https://www.facebook.com/share/v/1B95yeQbYK/

Похожие публикации: