Мектебімізде 2024 жылдың 19 наурыз күні М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті мен Төле би атындағы орта мектебі арасындағы меморандум негізінде «ЖОО – мектеп коллаборациясы: инновация, технология және әдістеме» тақырыбындағы халықаралық фор » Төле би атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Төле би атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектебімізде 2024 жылдың 19 наурыз күні М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті мен Төле би атындағы орта мектебі арасындағы меморандум негізінде «ЖОО – мектеп коллаборациясы: инновация, технология және әдістеме» тақырыбындағы халықаралық фор
20
март
2024

Мектебімізде 2024 жылдың 19 наурыз күні М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті мен Төле би атындағы орта мектебі арасындағы меморандум негізінде «ЖОО – мектеп коллаборациясы: инновация, технология және әдістеме» тақырыбындағы халықаралық фор

Мектебімізде 2024 жылдың 19 наурыз күні М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті мен Төле би атындағы орта мектебі арасындағы меморандум негізінде «ЖОО – мектеп коллаборациясы: инновация, технология және әдістеме» тақырыбындағы халықаралық форум өткізілді. Форумға Педагогика және әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы, филология ғылымдарының кандидаты Тұрарова А.Н., Тараз өңірлік университетінің ҚПҒА академигі, профессор Бузаубакова К.Ж., Ресейдің «Шадринский МПУ», психологиялық ғылымның кандидаты, доцент, ғылыми инновациялық жұмыстың проекторы Н.В.Скоробогатова, Қырғызстан мемлекеті, Ж.Баласагын атындағы ҚырғызҰУ-нің педагогика факультетінің деканы, PhD докторы, профессор Сулайманова Р.Т., Абай атындағы Қазақ ҰПУ-нің ғылыми қызметкері Жакупова А.Ж.,Шу ауданы білім бөлімінің басшысы Дурманов Т.М., білім бөлімінің әдістемелік кабинет жетекшісі Бегимбаева Л.Д., білім бөлімінің әдіскері Наурызбаева Э.М., мектеп директорлары қатысты. Мектеп директоры А.Т.Джангарашева «Нәтижеге бағытталған оқыту мен оқуды басқару арқылы білім сапасын арттыру аспектілері» тақырыбында баяндамасында мектебіміздің алға қойған мақсат, міндетін қадамдар арқылы баяндап берді. Біздің мектеп жетекшілік жасауға бекітілген К.Әзірбаев, Қ.Сәтпаев, Домалақ ене, Абай о.м., Жиенбет негізгі орта мектептері мұғалімдерімен кезекті сабақты зерттеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде «Инновациялық кеңістікте білім сапасын арттырудағы Lesson Study зерттеулері» тақырыбында оқу – әдістемелік құралы жарыққа шықты. Кітаптың тұсауын кесу рәсімі филология ғылымдарының кандидаты А.Н.Тұрароваға, академик, профессор К.Ж.Бузаубаковаға және Шу ауданы білім бөлімінің басшысы Т.М.Дурмановқа табысталды. 
   Меморандум негізінде мектебіміз бен жетекші мектептерден педагог мамандығын таңдаған оқушылар үшін «Дулати» педсыныбы ашылып, қабылданған оқушыларға арнайы төсбелгі тағылып, сыйлықтар табысталды.