"Кіші Академияның ашылу салтанатына арналған "Мектеп -ЖОО ынтымақтастық байланысы: инновация, коолаборация және технология" атты педагогикалық форум өтті. » Төле би атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Төле би атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Кіші Академияның ашылу салтанатына арналған "Мектеп -ЖОО ынтымақтастық байланысы: инновация, коолаборация және технология" атты педагогикалық форум өтті.
28
апрель
2023

"Кіші Академияның ашылу салтанатына арналған "Мектеп -ЖОО ынтымақтастық байланысы: инновация, коолаборация және технология" атты педагогикалық форум өтті.

2023.04.27 күні мектебімізде Төле би атындағы орта мектебі мен М.Х.Дулати
 атындағы Тараз өңірлік  университеті  екі жақты мемарандум аясында педагогика ғылымдарының докторы, ҚПҒА академигі Бұзаубақова Клара Жайдарбековна атындағы "Кіші Академияның ашылу салтанатына арналған "Мектеп -ЖОО ынтымақтастық байланысы: инновация, коолаборация және технология" атты педагогикалық форум өтті. Аталған іс шараға  Академик Бұзаубақова Клара Жайдарбековна, профессорлар Исматова Сейсекуль Молдабековна, Есенова Нариман Борибаевна , М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті "Ұстаз"институтының директоры Жолдасова Орынқыз Копбосыновна бастаған университет қызметкерлері, Жамбыл облысы әкімдігнің білім басқармасы басшысының орынбасары Нысанбаев Мұхит Аманкулович және де аудандық білім бөлімінің басшысы Райымбеков Қуат Оразбекович бастаған аудандық білім беру ұйымы басшылары, мектебіміздің әр түрлі байқаулар мен жарыс жеңімпаздары мен ата -аналары қатысты.Форум барысында дарынды білім алушылардың көркем туындылары мен "Ғылыми жобалар шеруі",
дарынды балаларды ғылыми ізденушілік, өзіндік зерттеу жұмыстарына жұмылдыру, оларды шығармашылық белсенділігі мен танымдық қабілетін арттыру, олардың мамандықтарын саналы түрде таңдауына, ғылыми зерттеуге ынталанған жас білімпаздарды шыңдау мақсатын көздеген
 "Кіші Академияның" ашылуы, зерттеуші шығармашыл ұстаздардың іс тәжірибесінің нәтижесі "LESSON STUDY -іс тәжірибедегі оқыту мен оқуды жетілдірудің тиімді жолы" атты  кітабының тұсау кесу рәсімі өткізілді.