1 наурыз күні мектебімізде «Дарынды шәкірт – ұстаз шеберлігінің жемісі» тақырыбында қазақ тіл мен әдебиеті ұстаздарының аудандық семинары өтті. » Төле би атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Төле би атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1 наурыз күні мектебімізде «Дарынды шәкірт – ұстаз шеберлігінің жемісі» тақырыбында қазақ тіл мен әдебиеті ұстаздарының аудандық семинары өтті.
01
март
2024

1 наурыз күні мектебімізде «Дарынды шәкірт – ұстаз шеберлігінің жемісі» тақырыбында қазақ тіл мен әдебиеті ұстаздарының аудандық семинары өтті.

1 наурыз күні мектебімізде «Дарынды шәкірт – ұстаз шеберлігінің жемісі» тақырыбында қазақ тіл мен әдебиеті ұстаздарының аудандық семинары өтті.
      Семинар мектеп домбырашыларының күйімен ашылды. Мектеп директоры Ардақ Толепбаевнаның алғы сөзімен бастау алып, құрметті қонақ – Сейсекүл Исматова Молдабековнаның алғы сөзімен жалғасын тапты.
      Г.С.Кулмахамбетова «Дарынды шәкірт – ұстаз шеберлігінің жемісі» тақырыбында презентация көрсетіп, бірлестік мұғалімдерінің олимпиада бойынша жеткен жетістіктерінің көрсеткішімен таныстырды. Әртүрлі байқауларға оқушылардың қатысуы мен дарынды баламен жүргізілетін жұмыс жүйесін атап көрсетті. Аудан, облыс, республика деңгейіндегі оқушылардың алған орындары туралы сандық ақпарат беріп өтті.
   И.К.Иембергенова «Оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру» презентациясын көрсетті. Ғылыми жұмысты жазу үшін қажетті ақпараттармен бөлісті. Оқушы қызығушылығын ояту, зерттеуге баулуға қажетті ұсыныс пен кеңестер айта отырып, мектеп тәжірибесіндегі озық іс-шараларды үлгі ретінде көрсетті.
  Практикалық бөлімде аудан, облыс деңгейіндегі байқауларда жүлделі орынға ие болған оқушылардың жұмыстары көрсетілді. 11-сынып оқушысы Қарақойшы Аянат – ғылыми жобасын қорғаса, 9-сынып оқушысы Төлеуқұл Рауан TEDx талдау жасады.
А.Т.Саткынова «Егіннің бастары» ашық сабағын өткізіді. Н.Н.Куанышбекова «Эссе жазу және оның құрылымы» шебер сыныбын өтті. Ж.Ж.Абаева «Алғыс айту - парызым» тәрбие сағатын өтті.  
  «Жаныңда жүр жақсы адам» тақырыбында сыр-сұхбат өтті. Тараз өңірлік университетінің құрметті профессоры, филология ғылымдарының кандидаты–  С.М. Исматова мен ардақты ұстазымыз,  қаламы қарымды журналист, қазіргі уақыттағы Төле би мектебі жаңалықтарының жаршысына айналып отырған – Л.Б.Оразбаеваның еңбек жолы мен шығармашылығы туралы қызықты да құнды ақпараттар тыңдалды.
   Бірлестік жетекшісі Г.С.Кулмахамбетованың эссе кітабы туралы таныстырылымы  көрсетілді. «Үздік эсселер мен мақалалар жинағы» кітабының тұсаукесер рәсімін профессор, филология ғылымдарының кандидаты С.М.Исматова мен АББ-нің әдіскері А.К.Байжоловаға табысталды. Оқушылар мен ұстаздарға кітаптар таратылып, семинарда өз тәжірибесімен бөліскен ұстаздар марапатталды.