Өзін - өзі бағалау » Төле би атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Төле би атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
март
2024

Өзін - өзі бағалау

9. Қорытындылар:
  1. ҚР тәрбиеге қатысты нормативтік талаптары орындалған. Тәрбиенің кешенді бағдарламасы бойынша барлық бағыттарда жүйелі жұмыс жүргізілді. 
  2. Мектептің материалдық-техникалық базасы мемлекеттік білім беру стандартын толық көлемде орындауға, оқу үрдісі  мен сыныптан тыс іс-шараларды қажетті әдістемелік деңгейде жүргізуге толық мүмкіндік жасайды. Пән кабинеттері толық жабдықталып, қажетті құралдармен қамтамасыз етілген.
  3. Мектептің   оқу-әдістемелік жұмысының құрылымы жасалып, негізгі  бағыттар бойынша жұмыстар айқындалған, оқу-әдістемелік жұмыстардың бағыттары бойынша жұмыстар жүйеленген, барлық бағыттарының құжаттары тіркеліп жинақталған. Мектептің әдістемелік қызметінің жүйесі, бағыттары бойынша нормативтік талаптар орындалған. 
  4. «Kundelik.kz» электронды журналын жүргізуде сын ескертпелерді түзей отырып, жыл бойы (Бөлім бойынша жиынтық бағалау, тоқсандық оқу жетістіктерін бағалау, формативті бағалау, қалыптастырушы бағалау, күнтізбелік-тақырыптық жоспарларында мереке күнініне сәйкес келетін күндерді кіріктіру, белгілі себептермен сабақтан қалған оқушыларды белгілеу, вариативті компоненттер есебінен таңдалған оқу пәндері бойынша «есептелінде» белгіні қою ) қатаң бақылауға алынған;
Ұсыныстар:
  1. «Табысты мектеп» жобасы аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру бағытында оқушылардың білімін өзіндік бағалауға мүмкіндік беру мақсатында онлайн тест терезелерін қолға алып тест тапсырмаларын жинақтау, көмекші құрал ретінде жинағын шығару.
  2. Шығармашылық тұрғыда ЖОО  мен   ғылыми зерттеу орталықтарымен бірлескен жобалардың санын арттыру, нәтиже көрсеткіштерін жоғары деңгейге жеткізу.