18
ноябрь
2024
БІРТҰТАС ТӘРБИЕ» БАҒДАРЛАМАСЫ: ЖАҢАРТЫЛҒАН МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖОЛДАРЫ»
Мектебімізде 2024 жылдың 18 қараша күні «БІРТҰТАС ТӘРБИЕ» БАҒДАРЛАМАСЫ: ЖАҢАРТЫЛҒАН МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖОЛДАРЫ» тақырыбында өткен облыстық аймақтық тәжірибелік семинарында тұсауы кесілген “ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ТӘРБИЕ - БОЛАШАҚ ҰРПАҚТЫҢ ТҮП ҚАЗЫҒЫ” атты кітаптар сол кітаптың ішіне өз жұмыстарын енгізген сынып жетекшілер мен тәрбие орталығының мүшелеріне таратылды. Бұл көмекші құралда 6 құндылық негізінде дайындалған сынып сағаттарының жоспарлары, түрлі бағыттағы іс шаралар сценарийлері, сынып жетекшілермен, ата аналармен атқарылатын жұмыстардың жоспарлары жинақталған.
Көмекші құрал Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының Әдістемелік кеңесінің шешімімен ұсынылған (хаттама №3, «30» қазан 2024 жыл). Авторлары: М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Педагогика» кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор К.Д.Бузаубакова, Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының басшысы Ш.А.Усерова, Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының «Жеке тұлғаны әлеуметтендіру және тәрбие жұмысы» бөлімінің жетекшісі Г.Е.Келдибаева, Шу қаласы Төле би атындағы орта мектебінің директоры А.Т.Джангарашева, Шу қаласы Төле би атындағы орта мектебінің директорының тәрбие орынбасарлары Т.Н.Молдақұлова, А.Ж.Имашева.