«Туған жерге- қамқорлықпен» экомарафонының экологиялық жобалар байқауының аясы » Төле би атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Төле би атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Туған жерге- қамқорлықпен» экомарафонының экологиялық жобалар байқауының аясы
15
октябрь
2024

«Туған жерге- қамқорлықпен» экомарафонының экологиялық жобалар байқауының аясы

Мектебімізде ағымдағы жылдың 15 қазан күні «Туған жерге- қамқорлықпен» экомарафонының экологиялық жобалар байқауының аясында «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС тұрақты даму департаментінің экологиялық саясатты дамыту жөніндегі менеджері, ғылым кандидаты Эльдар Әділханұлы Есболовтың жүргізуімен “Тұрақты даму және ESG” бойынша семинары өткен болатын. 
📝Семинар барысында экология, қоршаған ортаны қорғау және өңірдің тұрақты дамуына қызығушылық танытатын жоғары сынып оқушыларына және мұғалімдерге лекция оқып, екінші практикалық бөлімде оқушыларды топқа бөліп дебат өткізді. Эльдар Әділханұлы семинарға қатысқан ұстаздар мен дебатқа қатысқан оқушыларға сертификаттар ұсынды. Мектеп директоры Ардақ Толепбаевна ұстаздар мен оқушыларға сертификаттарын табыс етіп, семинарда айтылған ойлар мен ақпараттар туралы оқушылармен пікір алмасты.