«Еңбегі адал - жас өрен» жобасын іске асыру бағытында 4-сыныптар арасында “Мамандықтар марафоны” байқауы » Төле би атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Төле би атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Еңбегі адал - жас өрен» жобасын іске асыру бағытында 4-сыныптар арасында “Мамандықтар марафоны” байқауы
03
февраль
2025

«Еңбегі адал - жас өрен» жобасын іске асыру бағытында 4-сыныптар арасында “Мамандықтар марафоны” байқауы

Төле би атындағы орта мектебінде  «Еңбегі адал - жас өрен»  жобасын іске асыру бағытында білім алушылардың әртүрлі мамандыққа деген қызығушылығын арттыру және еңбекқорлық идеясы арқылы құндылықтарды дәріптеу мақсатында Төле би атындағы орта мектебінде  4-сыныптар арасында “Мамандықтар марафоны” тақырыбында ерекше байқау ұйымдастырылды. Байқауға әр сыныптан бір оқушы қатысып, үш кезең бойынша өз білімдері мен шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Байқау үш кезеңнен тұрады:
1.Бейнеролик/слайд 
2.Таңдаған мамандық бойынша постер құрау
 3.Не? Қайда?
Қашан? сұрақ-жауап кезеңі. 
      Оқушылар өздерінің білімдерін, логикалық ойлауын, есте сақтау қабілетін және зейінін көрсетті. Байқауды бағалау және әділ шешім шығару үшін мектеп әкімшілігі мен қазақ тілі пәні мұғалімдерінен құралған әділқазылар алқасы шақырылды. Олар қатысушылардың шығармашылық жұмыстарын, ой ұшқырлығын, сөйлеу мәдениетін және өзін-өзі таныстыру шеберлігін бағалады.Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен ерекше көзге түскен қатысушылар марапатталып, алғыс хаттар табысталды.