Шу станциясындағы желілік полиция бөліміне танымдық экскурсия » Төле би атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Төле би атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Шу станциясындағы желілік полиция бөліміне танымдық экскурсия
09
февраль
2026

Шу станциясындағы желілік полиция бөліміне танымдық экскурсия

өле би орта мектебінің «Жас сақшы» жасөспірімдер тобы Шу станциясындағы желілік полиция бөліміне танымдық экскурсия жасады. Оқушыларды желілік полиция бөлімі жеке құраммен жұмыс тобының инспекторы, полиция аға лейтенанты Бисімбай Нұрбол Нұрсапаұлы қарсы алып, бөлімнің ішкі тәртібі мен күнделікті атқарылатын қызмет түрлері туралы түсіндірді. Полиция бөліміне кіреберіс аймақта қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған арнайы қызметтік құрылымның маңызы айтылып, бұл жерде құқық бұзушылықтарға байланысты рәсімдеу және қызметтік жұмыстар жүргізілетіні түсіндірілді.

Экскурсияның негізгі мақсаты – жасөспірімдерді полиция қызметінің ерекшеліктерімен таныстыру, құқық қорғау саласына қызығушылықтарын арттыру және болашақ мамандық таңдауға бағыт-бағдар беру.

Іс-шара барысында Шу станциясындағы желілік полиция бөлімі жедел-криминалистикалық тобының криминалисі, полиция аға лейтенанты Башаров Абзал Арарұлы саусақ іздерін анықтау әдістерін көрсетіп, дактилоскопиялық іздердің қылмысты ашудағы маңызын атап өтті.

Сонымен қатар кинологиялық қызмет тобының кіші кинологы, полиция сержанты Үшкемпір Бекнар Даниярұлы қызметтік иттерді пайдалану арқылы із кесу тәсілдерін таныстырып, олардың тәжірибеде қалай қолданылатынын көрсетті.

Экскурсия барысында полиция қызметкерлері қызметтік қару-жарақ түрлері, оларды қолдану тәртібі және қауіпсіздік ережелері жөнінде түсіндірме берді.

Іс-шара соңында полиция подполковнигі Қожамқұлов Қанат Есентайұлы жасөспірімдерге полиция қызметінің жауапкершілігі мен маңызын жеткізіп, заңды құрметтеуге, тәртіп сақтауға және ел қауіпсіздігіне бейжай қарамауға шақырды.