БАЯНДАМА ТАҚЫРЫБЫ: “ БІРҰТАС ТӘРБИЕ МЕН САПАЛЫ БІЛІМНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ТҰЛҒА ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ РӨЛІ” » Төле би атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Төле би атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » БАЯНДАМА ТАҚЫРЫБЫ: “ БІРҰТАС ТӘРБИЕ МЕН САПАЛЫ БІЛІМНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ТҰЛҒА ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ РӨЛІ”
18
октябрь
2024

БАЯНДАМА ТАҚЫРЫБЫ: “ БІРҰТАС ТӘРБИЕ МЕН САПАЛЫ БІЛІМНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ТҰЛҒА ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ РӨЛІ”

АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ:  
БАЯНДАМА ТАҚЫРЫБЫ:   “ БІРҰТАС ТӘРБИЕ  МЕН САПАЛЫ БІЛІМНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ТҰЛҒА ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ РӨЛІ”

ДЖАНГАРАШЕВА  Ардақ    
Толепбаевна

Жамбыл  облысы  Шу қаласы
   Төле би  атындағы  орта  мектебінің директоры , география пәнінің мұғалімі,  шебер басшы лидер

    Мемлекет басшысы Қ.Токаев     Ұлттық құрылтайдың«Адал адам-Адал еңбек -Адал табыс»отырысында атап айтқандай құндылықтар негізінде «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» барлық білім беру ұйымдарында жүзеге асырылуы керек екенін атап көрсетті.«Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды» деп Бауыржан Момышұлы айтқандай әрбір ата-ана ұрпағының білімді, тәрбиелі жан-жақты дамыған қоғамда елеулі тұлға болып өскенін қалайды. Баланың бойында жауапкершілік, кешірімділік, имандылық, ұлтжандылық үлкенге ізет, кішіге құрмет сияқты қасиеттерді қалыптастыру мектебіміздегі біртұтас тәрбие бағытының негізі болып отыр. Әрбір ұлттың болмысында жылдар бойы үлкеннен кішіге мирас болып жететін адами қағидаттар – ұлттық құндылықтар. Атадан балаға мұра есебінде келе жатқан – тіл, дін салт-дәстүр, әдебиет пен өнер олардың барлығы да ұлтымыздың рухани қазынасы, мол мұрамыз. Сол асыл байлықтарымыздың арқасында біз өзіміздің халықтық қалпымызды сақтап, әлемге қазақ деген атымызды танытып отырмыз. Ұлттық  болмысты, құндылықты дәріптеу отбасынан бастау алады. Отбасында берілетін алғашқы тәрбие үлкенді сыйлау, ана тілін ардақтау, кішіге қамқорлық таныту сынды алғышарттардан басталады. Қазақ халқы қашан да ұлын нарға, қызын арға байлап, ағайын арасында сыйластықты, бауыр арасында қамқорлықты дәріптесе, жігіттің бойына батырлық қасиетті, қыз бала бойына ізгілік қасиеттерді сіңіруге тырысқан. Біздің ең басты құндылығымыз-ана сүтімен бойымызға даритын қазақ тіліміз. Әрине, ұстаз ретінде біздің қолымыздан келетін ең үлкен іс – ол оқушы бойына ана тілінің қасиеттілігін, көркемдігін жеткізіп, оларды тіл тазалығына баулу, өз тілін сүйетін ұлтжанды азаматты өсіру.Қазақстан Республикасында білім берудің дамытудың Мемлекеттік бағдарламасының негізгі міндеттерінің бірі қазақстандық патриотизмге,төзушілікке,биік мәдениетке,адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге тәрбиелеу болып табылады.Бұл жастарға этнопедагогикалық негізінде білім беріп,патриоттыққа тәрбиелеу ісіне нұсқау әрі оның қажеттілігін  айқындайтын бағдарлама деуге болады.Сол сиякты тәрбие тұжырымдамасында тәрбие үдерісін ұйымдастырудың қағидаларында этникалық қағида, этникалық мәдениет негізінде жалпы ұлттық мәдениеттің гүлденуіне ықпал жасайтын мәдениет жасаушы ортаны қалыптастыруды,азаматтық келісім жөнінде атап көрсеткен.
    Сол сияқты ұлттық құндылықтарымыздың бірі – қазақ қолөнері. Осы күнге дейін қазақ қолөнерінің ішінде әлем елдері қызыға қарайтын тамаша туындыларының қатарына киіз үйді, қазақы оюларды, ши өнерін, қазақ шеберлерінің қолынан шыққан тың дүниелерді жатқызамыз. Ұлттық тағамдарымызды да қазақ халқы «астан үлкен емессің» деп асты құрметтеп, жоғары қойған. Қонақжай халқымыз келген қонағына нан ауыз тигізбей жібермеген. Бұл да ұлтымыздың көрегендігі мен ақыл –парасатының биіктігін көрсетеді. Ұлттық киімдеріміз құндылықтар қатарынан шет қалмауы тиіс. Ұлттық киімдердің көркем үлгілері әлемнің этнографиялық мұражайлары мен көрмелерінде сақталған. Ұлттық киімдер адамның сәнін ашып, ажарландыра түседі. Қазақ киімдерінің тарихы да өте тереңде жатыр. Ұлттық құндылықтарымыздың бір бөлшегі-ұлттық ойындар, баланың ақыл ойының жетілуіне, адамгершілікке, шапшаңдыққа, саламатты өмір салтын ұстануға, жүйрік болуға үйретеді. Сонау ата-баба заманынан бүгінгі күнге дейін бізге мирас болып жеткен «бес асық», «садақ ату», «соқыр теке», «көксерек», «сиқырлы таяқ», «тиын салу», «белбеу тастау», «ақсүйек» сынды ойын түрлері бар. Міне осындай ұлттық құндылықтарымызды дәріптей отырып, бүгінгі жас жеткіншектердің келешегінің айқын болуын ойлап, халқымыздың ел бүлдіршінін бесіктен тәрбиелеген салт-дәстүр, ғасырлар сынынан өткен салт-санасын ұрпақтардың бойына сіңіріп, тұлға болып қалыптасуына негіз болсын деп, мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты нығайту, ата-аналардың педагогикалық және психологиялық мәдениетін арттыру.  Сондықтан мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты күшейту мақсатында  ата-аналармен бірлескен форум өткізіліп,ата-аналармен бірлесе отырып біздің білім шаңырағында.  “Ата-аналар академиясы”  орталығын құру туралы шешім қабылданды. 
 “Ата-аналар академиясы”  орталығын құрудағы мақсатымыз:
1. Тәрбиенің ең тамаша мектебі – отбасы болғандықтан, әрбір ата-анаға баласының білім алып жатқан мектебі туралы ақпарат алуына мүмкіндік беру.
2. Әр отбасының бала тәрбиесіне белсене қатысуын арттыру. Баланың мейірімді сыпайы әдеттерді бойына сіңіріп өсу жолдарын ата-аналармен бірлесе қарастыру
3. Мектеп пен отбасында бала тәрбиесінің мазмұнын педагогикалық әдіс–тәсілдерге бағыттай отырып, оқушылардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп ұтжандылыққа тәрбиелеу, нәтижеге жету жолдарына бағыттау. 
               

                                 “Ата-аналар академиясы”  жобасын жүзеге асыру мерзімі мен бағыттары
     Сондай–ақ отбасы мектеп пен бірге біртұтас тәрбиелік ортаның  негізгі ықпал ету факторларын ескере отырып, үздік отбасылық тәжірибелерді тарату, ата-аналар құзыреттіліктерін дамыту аясында  қажетті ақпаратпен қамтамасыз етіп, әрі табысты, бақытты балалар еңбегінің нәтижесін көрсету  . Осыған орай ата-аналар академиясы орталығының  жұмысы мектебімізде  әртүрлі жас ерекшеліктеріне, баланың даму заңдылықтарын ескере отырып «Ұлттық құндылықтар - ұлт негізі» аясында үш бағыт бойынша іске асырылуда. «Балдырған» І-ІV сынып оқушыларының ата-аналарына арналады; «Жасөспірім!» - жалпы орта білім беру мекемелерінің  V- VІІІ сынып оқушыларының ата-аналарына арналады; «Бозбала, бойжеткен!» - жалпы орта білім беру мекемелерінің  Х-ХІ сынып оқушылары  ата-аналарын қамту көзделген. Бұл басымдықтар ұлттық құндылыққа негізделген «Асыл қазына» ата-әжелер мектебі, «Әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер...» әке, аналар мектебі, «Ақыл-парасат,дәстүр» аға, жеңгелер тәрбие мектептері арқылы жүргізілуде. Мектеп ұстаздары ата-аналармен бірлесе отырып ізгілікті іс-шаралар легі әр түрлі форматта ұйымдастырылуда:дәстүрлі (дәрістер, әңгімелер, конференциялар, дөңгелек үстелдер, пікір-таластар, семинар – практикумдар, шебер-сыныптар, психологиялық тренингтер, жеке әңгімелер мен дәріс-кеңестер, вебинарлар, әртүрлі тақырыптар бойынша ата-аналардың сауалнамалары, жұмыс тәжірибесін алмасу және тағы да басқалар); қашықтан (вебинарлар, форумдар, online кеңестер, мектеп сайтында отбасылық тәрбиенің өзекті мәселелері бойынша ақпаратты орналастыру, білім беру мекемесінің жедел желісінде жұмыс істеу, жарналамалық буклеттер, парақшалар жасауға қатысу, қабырға ақпараттарын рәсімдеу, ата-аналарға сауалнама жүргізу, әр сыныпта педагог-психологтың бұрышын құру және жаңарту; ата-аналарды мектепке қатысуға тарту-тақырыптық көрмелерде және басқа да іс-шараларда). 
      Әрбір ата-ана үшін баладан асқан бақыт жоқ.Сондықтан олардың амандығы мен қауіпсіздігі бірінші орында болуы қажет..Мен үшін оқушыларымның қауіпсіздігі өте маңызды.   Ұстаз үшін бала тәрбиесіндегі негізгі мақсат-дені сау,ұлттық сана-сезімі оянған,рухани ойлау дәрежесі биік,мәдениетті,парасатты,еңбекқор,білімді азаматты тәрбиелеу.Сеніммен баласының болашағын мұгалімге табыстаған ата-ананың үмітін ақтау біздің де міндетіміз деп білемін.Мектеп отбасының жалғасы, ал отбасы мектептің жалғасы  болып, олар бір-бірін толықтырып, бір бүтін құрауын үйлестірудеміз. Жүргізілген жұмыстар барысында ата-аналардың өзін-өзі тәрбиелеуге  деген қызығушылығы артып, оқушы отбасының  білім беру қызметтеріне қажеттіліктері қанағаттанып: оқыту, психологиялық-педагогикалық қолдау, сондай-ақ ата-аналардың педагогикалық мәдениеті, отбасы мен білім беру мекемесінің өзара түсіністігі, ынтымақтастығы дамуда, сонымен қатар балаларды тәрбиелеу. Аталған ата-аналар академиясында жүргізілетін дәрістер мен іс-шаралардан ата-аналардың өздерінің өмірлік тәжірибесін бағалауы, өзінің ішкі резервтеріне сүйене отырып жаңа білім алуға, балаларының жеке көзқарасын түсіну арқылы өзін-өзі жетілдіруі, «толық адам» іліміне сүйене тәрбиелеу жүйесін қалыптастырып, кездескен қиындықтарды жеңу жолдарын іздеу, сәттілік баспалдағын құруы болашағымызды жарқын ететініне кәміл сендіреді.   Жалпы айтқанда, ұлттық құндылығымыз-қазақы болмысымызды жоғалтпай бүгінге дейін сақтауға негіз болды. Бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп  өскен бала, келешекте ел болашағы үшін аянбай қызмет ететін азамат болып өседі. Ұлттық құндылықтар-ұлттың қорғаны мен ұрпақ негізі.