"Жасөспірім және қоғам" » Төле би атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Төле би атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» "Жасөспірім және қоғам"
11
декабрь
2020

"Жасөспірім және қоғам"

Шу қаласы, Төле би атындағы орта мектебінде 7-10 сынып оқушыларымен Болашақ жастар денсаулық сақтау орталығының меңгерушісі Оспанова Есен Альмешовнамен "Жасөспірім және қоғам" тақырыбында кездесу өтті. Мақсаты: Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдердің арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өршуіне жол бермеу.

Бұл мәселе қазіргі таңда көкейкесті мәселелердің біріне айналып отыр. Бүгіндей өрімдей жастардың қылмыс жасауы көз үйренген көрініске айналып, елді елең қылып отыр. Тәртібі қиын бала есейген сайын қылмыстың ауыр түрлерін жасауға бейімі арта беретінін ескерсек, бұл аса өткір мәселе екенін мойындауға мәжбүрміз. Жасөспірімдердің арасында нашақорлықтың, темекі шегудің және зиянды заттардың зардабы салдарынан қылмыс түрінің өршу себебі мен оның алдын-алу жолдары туралы түсіндіріп өтті. Өз кезегінде жасөспірімдер тақырыпқа байланысты көкейкесті сұрақтарымен бөлісті.