"Үздік сынып жетекші - 2026" байқауы аясында «Ой мен ойын» тақырыбында тәрбие сағаты » Төле би атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Төле би атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» "Үздік сынып жетекші - 2026" байқауы аясында «Ой мен ойын» тақырыбында тәрбие сағаты
11
февраль
2026

"Үздік сынып жетекші - 2026" байқауы аясында «Ой мен ойын» тақырыбында тәрбие сағаты

Төле би атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Мұхамеджан Арайлым Сәмбеталықызы "Үздік сынып жетекші - 2026" байқауы аясында «Ой мен ойын» тақырыбында тәрбие сағатын өтті. Тәрбие сағаты оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға және ойын арқылы білімді терең меңгеруге бағытталды. Сабақ барысында түрлі логикалық тапсырмалар мен сергіту ойындары ұйымдастырылып, оқушылар белсенділік танытты.
Оқушылар ойын кезінде бір-бірімен ынтымақтаса жұмыс жасап, өз ойларын еркін жеткізе білді. «Ой» арқылы мәселені шешуге талпынып, «ойын» арқылы білімді қызықты түрде қабылдаудың тиімді екенін түсінді. Кейбір оқушылар үшін тапсырмалар күрделі болғанымен, топтық жұмыс арқылы олар өз қиындықтарын жеңе алды.
Тәрбие сағатының нәтижесінде балалардың шапшаң ойлау, шешім қабылдау, бір-бірін тыңдау дағдылары қалыптасты. Ойын мен ойлаудың өзара байланысын түсініп, білім алудың қызықты әрі пайдалы үдеріс екеніне көз жеткізді.
<iframe src="https://www.facebook.com/plugins/post.php?href=https%3A%2F%2Fwww.facebook.com%2Fpermalink.php%3Fstory_fbid%3Dpfbid0243ezWSLdDonyzyagYQvM1QvyW4YU6cm7M74JX7NKQXQWyxk​​​​