"Үздік сынып жетекшісі" байқауы аясында «Заң және тәртіп» тақырыбында тәрбие сағаты » Төле би атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Төле би атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Үздік сынып жетекшісі" байқауы аясында «Заң және тәртіп» тақырыбында тәрбие сағаты
10
февраль
2026

"Үздік сынып жетекшісі" байқауы аясында «Заң және тәртіп» тақырыбында тәрбие сағаты

 Мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі Харсан Жәния Құралқызы "Үздік сынып жетекшісі" байқауы аясында «Заң және тәртіп» тақырыбында 4г-сыныбында тәрбие сағатын өтті. Тәрбие сағаты оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, заңға құрметпен қарауға және тәртіптің қоғамдағы маңызын түсінуге бағытталды. Сабақ барысында оқушылар заңның не үшін қажет екенін, әр адамның құқықтары мен міндеттері бар екенін түсінді.
Талқылау, жағдаяттық тапсырмалар және сұрақ-жауап арқылы оқушылар өз ойларын еркін жеткізді. Көпшілігі қоғамдық орындардағы тәртіп ережелерін, мектеп ішіндегі ішкі тәртіп нормаларын нақты атап көрсете алды. Әсіресе, «Егер заң болмаса не болар еді?» деген сұрақ балаларды ойландырып, сыни ойлау қабілеттерін дамытуға ықпал етті.
Сабақ соңында оқушылар заңды білу – өз құқығыңды қорғаудың және өзгеге құрметпен қараудың негізі екенін түсінді.
Жалпы алғанда, тәрбие сағаты өз мақсатына жетті. Оқушылардың белсенділігі жоғары болды, тақырыпқа қызығушылық танытты. Алдағы уақытта құқықтық тақырыптарды өмірмен байланыстыра отырып, практикалық тапсырмалар санын көбейту жоспарлануда.

​​​